Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтер ретінде игі іс жасай отырып, керемет іс-шараларға қалай қатысуға болады?

Волонтер ретінде игі іс жасай отырып, керемет іс-шараларға қалай қатысуға болады?

27.11.2022 1431 0

Бұл қызықты сұраққа бізде жауап бар. Іс-шаралық волонтерлік бағытында волонтер болыңыз.

Біздің анықтамалық әдістемемізге сәйкес іс-шаралық(оқиғалық) волонтерлік бұл -  волонтерлік қызметтің бірнеше бағыттарын қамтитын ең ауқымды бағыттардың бірі болып табылады. Волонтерлік лагерлердің қызметін, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерлерінің жұмысына, конгрестік-көрме қызметіне қатысуды қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу.

Бұл бағыттың волонтерлері өзін SMM-нан event-менеджерге дейін өздерін әртүрлі кәсіби рөлдерде көре алады. Осы салаларда тәжірибе ала алады. Оның ішінде әсіресе әлеуметтік салада. Оқиғалық волонтерлік барлық уақытта әлеуметтік идеялармен не әлеуметтік саламен үйлеседі. Әлеуметтік іс-шараға волонтер ретінде қатысқан кезде әлеуметтік саламен танысып қана қоймай, осы салада белгілі бір кәсіби міндеттерді атқарып көретін боласыз. Әдетте, оқиғалық волонтерліктен кейін волонтерлердің көбісі өздерінің тұрақты волонтерлік бағыттарын таңдайды, кей кезде сол салада маман иесіне айналады.   


Өзінің оқиғалық волонтерлік тәжірибесімен Амантаев Ербол Еркинович бөлісетін болады.

Менің есімім Ербол, Көкшетау қаласынан боламын. 22 жастамын.

Мен тек ивент волонтерлікпен ғана айналыспаймын. Сонымен қатар әлеуметтік саладағы волонтерлікпен айналысамын. Оқиғалық волонтерлік туралы айтқанда, ол әрдайым – жаңа таныстармен, жаңа айналамен ерекшеленеді. Іс-шара ұйымдастыру саласында тәжірибе жинауға және ұйымдастыру саласындағы жаңа дағдыларға ие болу үшін жақсы мүмкіндік. Волонтер болып та, үйлестіруші болып та өзіңізді көре аласыз.

Әр іс-шарадан мен жағымды эмоциялар мен баға жетпес тәжірибе аламын. Бүкіл Қазақстаннан және ТМД елдерінен достар таптым. Қай жерде жүрсең де достарыңды кездестіру керемет.

      Бірнеше рет өзімнің туған күнім кезінде іс-шарада волонтер болғанмын. Соның бірі 2019 жылы Para Powerlifting бойынша әлем чемпионаты болды. Таңертең мен келгенде мені барлық қызметкерлер мен волонтерлер қарсы алған болатын. Эмоцияларым шеттен тыс болды, сөзбен жеткізу мүмкін емес. Бұл сәт волонтерлік тек қана көмек көрсету емес, өзің үшінде пайдалы іс екенін сезген сәт болды. Өзім үшін білгенім, басқаға көмек көрсеткенде өзіңде белгілі бір жылы эмоцияларға толасын.

Мақтанышпен өзімді Волонтер деп атай аламын)

Волонтерлік мүмкіндіктер туралы көбірек білгіңіз келсе @kz_nvs парақшасындағы жаңалықтардан қалмаңыз.

Авторы: Александра Крашинина @alexandra.krashinina

 

Соңғы жаңалықтар
03.01.2025 2238 0
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
Толығырақ
01.01.2025 491 0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
Толығырақ
27.12.2024 886 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена