Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ақтөбелік волонтерлер дәрігерлерге ыстық тамақты ұйымдастырды

Ақтөбелік волонтерлер дәрігерлерге ыстық тамақты ұйымдастырды

01.07.2020 1584 0

Ақтөбелік волонтерлер дәрігерлерге көмектесу үшін ақша қаражаттарын жинауда, деп хабарлайды Хабар 24.

Кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметкерлер және бей-жай емес азаматтар бөлген қаражатты пайдаланып, Anticovid-19 қозғалысының мүшелері оттегі концентраторларын сатып алуды жоспарлап отыр. Ал қазір волонетерлер ауруханаларды төсек-орынмен, дәрігерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз етуде.

Қалалық кафелер мен мейрамханалардың иелері медициналық қызметкерлерге түскі және кешкі ас ұйымдастыруға көмектеседі.

Қозғалыс жетекшісі Екатерина Голотинаның айтуынша, қайырымдылық шарасы мерзімсіз және адам өмірін тәулік бойына сақтап қалумен айналысатын ақтөбеліктерге қолдау көрсетуге бағытталған. Екатерина Голотина, волонтерлер қозғалысының жетекшісі: - Дәрігерлердің мойнына үлкен жүк түсті. Олардың сізге қамқорлық жасайтынын түсіну өте маңызды, сондықтан біз медициналық қызметкерлерге ерекше назар аударуды жөн көрдік. Халық өте жақсы жауап берді. Біздің ақтөбеліктерге алғысым шексіз, мен мұндай баға жетпес көмек үшін алғыс айтудан ешқашан шаршамаймын.

Дерек көз: https://24.kz/ru/news/social/item/405912-goryachee-pitanie-dlya-vrachej-organizovali-aktyubinskie-volontery

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3371 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3164 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2620 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена