Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар СҚО волонтерлері өзен жағасында 100 киллограмға жуық қайталама шикізат жинады

СҚО волонтерлері өзен жағасында 100 киллограмға жуық қайталама шикізат жинады

04.10.2021 968 0

Өткен демалыста Петропавловск қаласы «Золотые пески» жағажайының территориясы төңірегінде экологиялық сенбілік өтті, деп «Казинформ» ХАА тілшісі хабарлайды.

Ұйымдастырушылардың берген ақпараты бойынша жалпы сенбілік нәтижесінде 118 кг қайталама шикізат жиналып, қайта өңделуге жіберілді. Өткен сенбілік осы жылдың қорытынды сенбілігі болды. Осыған дейін волонтерлер Пестрое көлінің жағасы мен жағалауын, Заречный ауданында Есіл өзенінің жағалау аумағын тазартқан болатын. Сенбілікке қатысушыларды Петропавловск қаласының эко-активисті Азат Жумагул қоқыстарды сұрыптау жинау ережелерімен таныстырды. Сенбілікке қатысушылар қоқыстарды жинастырып, сұрыптап, кейін утилизацияға және қайта өңдеуге жібереді. Пластик, алюминий және әйнек толтырылған қаптар қоқыстарды қайта өңдеу зауытына жіберіледі.


«Жұбайым екеуміз экологиялық сенбілікке бірінші рет қатысып отырған жоқпыз. Табиғаттың ластануына, адамдардың табиғатқа деген бей-жай қатынасына қарай алмаймын. Әрбір адам қандай да болсын өз үлесін қосу керек. Алдыңғы жылы жұбайым екеуміз Пестрое көлінің жағасына велосипедпен серуендеп барынша жинақталып қалған қоқыстарды шығаратынбыз. Бірақ уақыт өте біздің ісіміздің он нәтиже көрсетіп жатпағанын байқадық. Мұдай сенбіліктердің ұйымдастырылып, өткізіліп жатқаны туралы естігенімізде оларға қосылдық», - деді эковолонтер Дана Эльстанова.


«Экологический дозор» жобасын «Green help» Қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Жоба табиғат пен табиғат ресурстарын ұқыпты пайдалануды насихаттау және енгізу, экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған. Сенбіліктерге қаланы таза және экологиялық етіп жасауға ниеті бар барлық тұрғындар қатысады.

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/bolee-100-kilogrammov-vtorsyr-ya-sobrali-na-beregu-reki-ekovolontery-sko_a3844304

 

Соңғы жаңалықтар
29.01.2026 0 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
17.01.2026 179 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 294 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена