Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар "Халық" қайырымдылық қоры үздік әлеуметтік идеяларды таңдау байқауын жалғастыруда

"Халық" қайырымдылық қоры үздік әлеуметтік идеяларды таңдау байқауын жалғастыруда

13.10.2021 1185 0

Қыркүйек айының басында Қазақстанда "Халық" қайырымдылық қорының "HALYQ YMITI" байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Үздік әлеуметтік идеяларды таңдау байқауы әлеуметтік белсенді азаматтар, волонтерлер арасында өткізіледі. Байқау қатысушылары қоғамның назарын қазіргі әлеуметтік проблемаларға аудару және оларды шешу үшін идеялар ұсынулары тиіс. Байқаудың жалпы жүлде қоры 51 млн теңгені құрайды.


"Халық"қайырымдылық қорының үндеуінде: "Біз байқау қатысушыларының идеялары елімізде әлеуметтік оң өзгерістерге қол жеткізуге ықпал ететініне сенімдіміз. Волонтерлер көмекке мұқтаж адамдардың қажеттіліктерін біледі. Волонтерлердің қайырымдылық қызметтеріне тартылуы, шынайы қамқорлығы мен болашаққа деген сенімі әлеуметтік жобалардың лайықты идеяларын ұсынуға мүмкіндік береді. Бізбен бірге маңызды әлеуметтік міндеттерді шешіп, жақсылық жасағысы келетін барлық жанашыр отандастардан өтінімдер күтеміз", - делінген.


Өтінімдер келесі номинациялар бойынша қабылданады:

* Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдау және оңалту;

* Қоғам өмірінің сапасын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу; 

* Әлеуметтік сүйемелдеуді қажет ететін тұлғалардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету.

* Балаларды тәрбиелеу және білім беру, салауатты өмір салтын, дене шынықтыру мен спортты насихаттау;


Байқау ұйымдастырушысы - "Халық" қайырымдылық қоры келіп түскен өтінімдерді мынадай өлшемшарттар бойынша бағалайтын болады: проблеманың өзектілігі және әлеуметтік маңыздылығы; ұсынылатын идеяның іске асырылуы мен ауқымын кеңейту мүмкіндігі; әлеуметтік проблеманы шешуде күтілетін әлеуметтік әсер мен жаңашылдық. Қазақстанның әрбір өңірінен үш жеңімпазға дейін анықталатын болады.


Байқау басталған сәттен бастап бүкіл Қазақстаннан өтінімдер белсенді түрде келіп түсуде! Естеріңізге сала кетейік, байқауға қатысу үшін www.halyqumiti.kz  бірыңғай онлайн-платформасында өтініш толтырып, өтінім парағына үлгіге сәйкес Microsoft PowerPoint форматында жоба презентациясын тіркеу қажет. Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі - 30 қазан.

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 116 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 112 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 160 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена