Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Судағы қауіпсіздік: волонтерлер мен құтқарушылар су айдындарында рейдтер жүргізуде

Судағы қауіпсіздік: волонтерлер мен құтқарушылар су айдындарында рейдтер жүргізуде

14.06.2022 1308 0

Қарағандылық волонтерлер құтқарушылар мен полицейлермен бірге Федоров су айдынында демалып жатқан тұрғындарға «Судағы қауіпсіздік» науқаны шеңберінде әңгімелер жүргізіп, жадынамалар таратты деп Деловой Казахстан хабарлайды.

Мамыр айынан бастап қазіргі уақытқа дейін облыс су айдындарында 210 профилактикалық рейд пен 517 патруль ұйымдастырылып, 16 809 ақпараттық парақшалар таратылды.

ТЖД ақпараты бойынша облыста жеке тұлғаларға тіркелген және анықталған 83 бұқаралық демалыс орындары бар.

2017 жылдан бастап су айдындарында 1515 тыйым салушы және ескерту белгілері орнатылды, оның 210-ы осы жылы орналастырылды. Сондай-ақ су айдынындағы қауіпсіздік туралы 83 көрнекті стенд қойылды.

«Ерекше назар балалар қауіпсіздігіне бөлінеді. Себебі демалыс уақытында балалар көбінесе үлкен адамдар тарапынан қажетті назарға ие болмайды. Су айдындарында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жоғарға дайындық режимінде Федоров, Самарқанд, Шерубай-Нұрин, Кеңгір су қоймаларының жағалауларында, сондай-ақ Балқаш және Айнакөл көлдерінде алты ТЖД құтқарушылық бөлімшелері әрекет етеді»

Дереккөзі:  https://dknews.kz/ru/v-strane/240384-bezopasnost-na-vode-volontery-i-spasateli-provodyat


Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3380 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3182 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2631 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена