Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ақтоғайлықтар оттегі концентраттары мен дәрі-дәрмекке 2,5 млн теңге жинады

Ақтоғайлықтар оттегі концентраттары мен дәрі-дәрмекке 2,5 млн теңге жинады

24.07.2020 1524 0

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының тұрғындары екі сағат ішінде 2,5 миллион теңге жинады. Бұл қаражат оттегі концентраторын, пульсоксиметрлерді және дәрі-дәрмектерді сатып алуға жұмсалады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.

Оларға Жаңаарқа және Қарқаралы аудандарының тумалары мысал болды. Қаражат жинау туралы хабар таратылған соң тек алғашқы 20 минут ішінде ақтоғайлықтар оттегі концентраторын сатып алуға 200 мың теңге аударды. Ал келесі екі сағатта 2,5 миллион теңге жиналған.

Сондай-ақ Ақтоғай ауданының орталық ауруханасы мен медициналық орталығы үшін еріктілер мен кәсіпорындардың, фермерлік шаруашылықтардың және жеке тұлғалардың қолдауымен 20 термометр, 37 оттегі концентраторы, 52 пульсоксиметр және 15 Бобров құралы тапсырыс берілді.

Дерек көз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/411326-a-to-ajly-tar-ottegi-kontsentrattary-men-d-ri-d-rmekke-2-5-mln-te-ge-zhinady 

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3322 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3058 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2582 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена