Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Арнайы Birgemiz: Asyl Mura! қоғамдық топтарының волонтерлері үшін! (Топқа кірмегендер үшін ең ыңғайлы сәт)

Арнайы Birgemiz: Asyl Mura! қоғамдық топтарының волонтерлері үшін! (Топқа кірмегендер үшін ең ыңғайлы сәт)

21.09.2021 1009 0

Арнайы Birgemiz: Asyl Mura! қоғамдық топтарының волонтерлері үшін!

(Топқа кірмегендер үшін ең ыңғайлы сәт)

Ұлттық волонтерлер желісі мен Qasietti Qazaqstan ("Сакральный Казахстан") ғылыми-зерттеу орталығының онлайн жобасы.

Егер де сіз ақпаратты қалай өңдеу керектігін білетін болсаңыз және оқыған немесе білетін тақырыпқа оңай пост жаза алатын болсаңыз – бұл жоба сіз үшін арналған!

* Qasietti Qazaqstan ҒЗО материалдарын пайдалана отырып, 2021 жылдың 21 қыркүйегінен бастап 24 қазанына дейін өзіңіздің ашық аккаунтыңызға кемінде 5 түрлі қызықты жарияланымдар жариялап, әрқайсысына кемінде 50 "лайк" жинаңыз.

* Qasietti Qazaqstan, Birgemiz: Asyl Mura волонтерінің сауалнамасындағы жарияланымдар сілтемелерін көрсетіңіз.

Үздік жарияланымдар Qasietti Qazaqstan Жаңа Instagram-аккаунтында жарияланатын болады!

Барлық шарттарды орындаған медиа-волонтерлер Вirgemiz: Asyl Mura жалпыұлттық жобасының және тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі волонтер мәртебесі бар Ұлттық волонтерлік желі мен Qasietti Qazaqstan ғылыми-зерттеу орталығының атаулы электрондық сертификатына ие болады.

Міндетті шарттар:

- әр пост www.kieliqazaqstan.kz порталының ресми ақпаратына негізделуі керек. Қазақстанның киелі жерлері туралы арнайы қысқаметражды бейне-роликтерді пайдалануға болады. Роликтер Birgemiz: Asyl Mura қоғамдық топтарының "Кітапхана" бөлімінде орналастырылған;

- Жарияланымды #QasiettiQazaqstan, #BirgemizAsylMura2021, # будьЯрчеСНВС хэштегтерімен жариялау қажет.

- Өзгелердің фотоматериалдарын орналастыру кезінде дереккөздерді көрсету қажет. Егер сізде объектінің фотосуреті болмаса және суреттерді интернеттен алғыңыз келмесе, сіз чат арқылы үйлестірушіден және қоғамдық топтардағы әріптестеріңізден сұрай аласыз;

- Жарияланымдарды жариялау және сауалнаманы толтыру кезеңі 2021 жылдың 21 қыркүйегінен 24 қазанына дейін жалғасады.

Мәліметтер:

Әр түрлі әлеуметтік желілерде жарияланған бір тақырыптағы посттар бір жарияланым ретінде қарастырылады.

Әр түрлі әлеуметтік желілердегі бірдей жарияланымдардың "лайктары" барлық пайдаланылған әлеуметтік желілер бойынша тұтас бағаланады.

Жоба кезеңінде аккаунт ашық болуы керек. 

 

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена