Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қарасай ауданында жылыту кезеңіндегі негізгі қауіпсіздік шаралар

Қарасай ауданында жылыту кезеңіндегі негізгі қауіпсіздік шаралар

29.03.2020 1275 0

Тұрғын үй қорындағы өрттердің өсуінің басты себебі - пешпен жылытатын және электрлі жылыту құралдарын пайдаланған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауынан.

Өрт салдарының өсуі ағымдағы жылдың қысқы кезеңінде қалыпты төмен температурамен байланысты. Өрт туындау факторларына талдау жүргізгенде, қаңтар және ақпан айларының  өрттің өсуі айқын көрінеді себебі, күрт температураның төмендеуі кезінде, пеш құралдарын пайдалану ережелерінің бұзылу жиілей түседі.

Осыған байланысты, Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі саласындағы насихат және алдын-алу жұмыстарын аудан әкімдіктерінің қызметкерлерімен, жергілікті полиция қызметтерімен, еріктілермен, «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының өкілдерімен күшейтіледі.

Өрттен улану және өлім санын азайту мақсатында «Жас Отан» партиясының филиалдарының өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, онда алдын алу іс-шаралары, тұрғын үй секторында жиын, көп қабатты ғимараттар, тұрмысы төмен, табысы аз қабаттардың және шектеулі адамдар арасында рейдтер, халықты қорғау, азаматтық қорғаныс, халықты төтенше жағдайларда әрекет етуге дайындауды, соның ішінде алғашқы көмек көрсету бойынша тәжірибесі  алмасты.

Қарасай ауданының тұрғындарына ауылдық округ әкімдіктерімен бірге жиналыстар мен кездесулер ұйымдастырады. Ағымдағы кезеңде жекеменшік сектордың тұрғындарымен 80 кездесу өткізілді, онда 1374-ден астам тұрғын қатысып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы нұсқаулықтары берілді.

Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі Қарасай АПБ өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес, апта сайын жағдайы төмен отбасылар арасында жылыту құралдарын және пештерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелер түсіндіру бойынша рейд өткізіліп, брошюралар таратылды.

Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инспекторлары жылу пештерінің бұзылуына жол бермеу туралы және жою жөніндегі ұсыныстардың жүргізеді.

Қарасай ауданының білім бөлімімен кең ауқымды жұмыс жүргізілді. Барлық оқу орындарында өртке қарсы іс-шаралар кешенін өткізу мәселелерін талқыладық. Мұғалімдер мен студенттермен бірге Қарасай ауданының Төтенше жағдайлар  бөлімінің қызметкерлері 81 байқау өткізіп, 13 интерактивті сабақ, 40 стенд орнатылды, өртке қарсы тақырыптағы бейнекөрсетілімдер  көрсетілді, аталған жұмыс аз емес.

Осы атқарылған шаралар бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен тараттылды. Қазіргі уақытта «Заман-Жаршысы» басылымында 71 мақала жарияланды. Қарасай ауданының БАҚ өкілдері мен «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанатымен екі брифинг өткізілді.

Жылыту кезеңінде профилактикалық шаралар жалғасуда.

Қарасай ауданның ТЖБ аға инженері азаматттық қорғау капитаны                                                   Б. Шарипбеков


Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 542 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1343 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 3182 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена