Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қарағанды облысында 117 волонтерлік ұйым жұмыс істейді

Қарағанды облысында 117 волонтерлік ұйым жұмыс істейді

10.04.2022 669 0

Бұл туралы және облыстың өңірлік волонтерлер орталығының қалай жұмыс істейтіні туралы бізге Жастар ресурстық орталығы жанындағы Қарағанды облысы бойынша Волонтерлер орталығының басшысы Тұрсынбекова Мадина айтып береді.

Облыс волонтерлерінің орталығы өңірдегі волонтерлік қозғалысты қолдау және дамыту мақсатында 2020 жылғы 5 наурызда ашылды.

Тұрсынбекова Мадина облыстағы волонтерлер қозғалысының жағдайы туралы айтып берді:

«Қарағанды облысында волонтерлер қозғалысын дамыту бойынша іс-шаралар кешені жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда облыста 117 волонтерлік ұйым мен топ жұмыс істейді, олардың қызметіне облыстың 5 мыңға жуық тұрғыны, негізінен жастар қатарынан тартылған.

Басқарма волонтерлерді қажетті бағыттар бойынша тіркеу үшін Телеграмм-ботты іске қосты. 2021 жылы Телеграмотта 5 бағыт бойынша 356 волонтер және 62 волонтерлік ұйым тіркелді. Волонтерлермен кері байланыс  олар тұратын өңірлерде орналасқан жастар ресурстық орталықтары арқылы жүзеге асырылады».

Сондай-ақ, облыс волонтерлер орталығының басшысының айтуынша, көптеген волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар әлеуметтік волонтерлік бағыты бойынша өз қызметін тұрақты негізде жүзеге асырады.

Төтенше жағдай кезінде волонтерлер өз жұмыстарын жалғастырды:

«Төтенше жағдай уақыты кезінде волонтерлер орталығы жедел желіні уақытылы іске қосты, облыс тұрғындарынан қоңырауларды қабылдау және өңдеу жүзеге асырылды. Қалалар мен аудандардың волонтерлік штабтарымен ақпарат жинау және жедел алмасу ұйымдастырылды».

2022 жылы волонтерлердің орталықтары өңірде волонтерлік қозғалысты қолдауға және дамытуға бағытталған жаңа жобаларды іске асыруды жоспарлап отыр.

«Қолдаудың басты шараларының бірі әлеуметтік жобаларды ұсынатын волонтерлік ұйымдар арасында гранттар конкурсын ұйымдастыру болады. Жалпы грант қоры 2 500 000 теңгені құрайды. Сондай-ақ, облыстың белсенді волонтерлері үшін волонтерлік қоғамдастықты қалыптастыру, волонтерлерді оқыту және дамыту мақсатында екі күндік көшпелі Форум ұйымдастырылады».

Сонымен қатар, Мадина «Qoldau» бейресми жобалық тобы мен «VolUnity» волонтерлер клубының жұмысы аясында Волонтерлік ұйымдардың көшбасшыларымен және мүшелерімен бейресми кездесулер ұйымдастыру жалғасатыны туралы бізбен бөлісті. Волонтерлік ұйымдармен кеңес беру сессиялары жоспарланған. Жаңа келген волонтерлерді Telegram-ботта түрлі бағыттар бойынша тіркеу жалғасады.

Авторы: Александра Крашинина

@alexandra.krashinina

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 235 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1048 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2937 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена