Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Алматы волонтерлері оқиға ортасында

Алматы волонтерлері оқиға ортасында

17.01.2022 1289 0

@volotery_almaty_lider.kz белсендісі Дильмира Блац волонтерлердің қаладағы тәртіпті қалпына келтіруге қалай көмектесіп жатқаны туралы айтты:

- 7 қаңтардан бастап тәртіп бұзушылармен күштік құрылымдардың жанкешті күресі аясындағы оқиғалардың ортасында біз де - «LIDER.KZ» волонтерлері болдық.

Полиция қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, блокпосттағы кезекшілерге, дәрігерлер мен жедел жәрдем қызметкерлеріне ыстық тамақ жеткізуге қолдан келгенше көмектесуге тырыстық. Қарапайым тұрғындарды қажетті дәрі-дәрмектермен, азық-түлікпен және оларға қажет заттармен қамтамасыз еттік.

Берілген түскі ас үшін «Powder» кафесіне үлкен алғысымызды білдіреміз. Өзі пісірген көптеген ыстық бәліштерді берген қызға да рахмет. Төтенше жағдайдың алғашқы күндерінде есімдерін атағанын қаламаған, керемет дәмді палау дайындаған аспазшылар мен демеушілерге де алғыс айтамыз.

Қолдау мен көрсетілген көмек үшін біздің серіктестерімізге АЛҒЫС:

«Жүректен жүрекке» қозғалысының волонтерлеріне;

«INSAN» қайырымдылық қоғамдастығының волонтерлеріне;

Қиын жағдайдағы адамдармен байланыс пен жедел желі және де қаражат жинағаны үшін Ұлттық волонтерлер желісіне @kz_nvs (Республикалық волонтерлік фронт-офиске)

Осындай қиын сәтте көмектескен және көмектесіп жатқандардың барлығына.

Осы кезең ішінде бізде үздіктерден құралған суперкоманда жасақталғаны туралы сеніммен айта аламын!

Біздің жұмыстарымыз жалғасуда. Барлық жанашыр адамдарды өзіміздің сүйікті қаламызды қалпына келтіруге көмектесуге шақырамыз.




Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1985 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2718 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2024 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена