Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Алматы облысының өзен-көлдері қоқыстан тазартылды

Алматы облысының өзен-көлдері қоқыстан тазартылды

08.07.2022 1519 0

Алматы облысының барлық аудан, қаласында «Бірге таза Қазақстан» акциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Акция барсында өзен – көлдердің, су қоймаларының жағалаулары, жол жиектері, аула – көшелер, алаңдар, мәдени демалыс саябақтары қоқыстан тазартылды. Оған жергілікті тұрғындар, жастар, кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, еріктілер белсене қатысты.

Атқарылған жұмыстарың нәтижесінде қордаланған қоқыстар сұрыпталып, тиісті мекемелердің арнайы автокөліктерімен белгіленген тұрмыстық қатты қалдықтар полигондарына төгілді.


«Акцияның мақсаты - жерімізді қоқыстардан тазарту, тұрғындардың экологияға деген көзқарасын өзгерту, оларды табиғатты қастерлеуге, қадірлеуге, жанашырлық танытуға насихаттау»,- деп атап өтті Алматы облысы бойынша экология департаментінің өкілдері.

Дереккөзі: https://www.inform.kz/kz/almaty-oblysynyn-ozen-kolderi-kokystan-tazartyldy_a3950971

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3379 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3181 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2630 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена