Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Алматы қалалық "Uzdik Volunteer - 2021" премиясы

Алматы қалалық "Uzdik Volunteer - 2021" премиясы

03.12.2021 1392 0

Достар, Сіздерге керемет жаңалығымыз бар!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Алматы қалалық «birgemiz» волонтерлер фронт-офисінің бастамасымен «Jas Otan» Жастар қанатының қолдауымен «Uzdik Volunteer – 2021» қалалық сыйлығын өткізуді жоспарлап отыр. Аталған қалалық сыйлықтың мақсаты – волонтерлерді, волонтерлік ұйымдарды қолдау, волонтерлік қызметті насихаттау, қала белсенділерін марапаттау.

«Uzdik Volunteer – 2021» қалалық сыйлығына өтінімдерді қабылдау 25 қарашадан 9 желтоқсанға дейін жүргізіледі. Байқауға өз қызметтерін Алматы қаласында жүзеге асыратын волонтерлер, үкіметтік емес ұйымдар, бастамашыл топтар, өз жұмысын волонтерлік бағытта жасап жүрген жеке тұлғалар мен орталықтар қатыса алады.

Жеңімпаздар Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы аясында 30 номинация бойынша арнайы алғыс хаттармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Өтінім беру талаптарымен сілтемеге өтіп таныса аласыз: https://docs.google.com/forms/d/1Hh22k4MNpplfC9oHZuAynCMY-NaAhjk-1XsMQXJeRAE/viewform?edit_requested=true 

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3380 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3182 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2631 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена