Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ақтөбелік волонтерлер игі істер жолында

Ақтөбелік волонтерлер игі істер жолында

10.09.2022 1283 0

Қазіргі уақытта Ақтөбе облысында аймақтық фронт офис деректері бойынша 5400 волонтер және 176 волонтерлік топ бар. Біріккен күштің арқасында «Birgemiz» жалпыұлттық бағыттың шеңберінде аймақта 100-ден аса іс-шара жүргізіліп, бұл іс-шараға 1200-ден аса волонтер жұмылдырылды.

Мұндай жетістіктерге жетуде маңызды рөлді Ақтөбе облысының аймақтық волонтерлер фронт-офисі атқарады.

Ақтөбе облысында өңірлік фронт-офис 2021 жылдың желтоқсан айында Облыстық жастар ресурстық орталығының жанынан құрылып өңірлік үйлестіруші міндеттері жүктелді  және де әрбір аудандық жастар ресурстық орталықтары жанынан мамандар бекітілді. Фронт-офистің басшысы Мусин Нұрлыбек Құмарұлы.

Өзінің волонтерлік тәжірибесі туралы:

«2009 жылдан бастап қоғамдық жұмыстарға қосылып, волонтер ретінде қызмет ете бастадым. Сол кезден бері әртүрлі ұйымдарда менеджер, төраға ретінде жұмыс істеп, 2022 жылдың қаңтарынан бастап Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы ретінде қызмет етіп келемін.

Біздің өңірдің жастары белсенді, қандай уақытта болмасын күштерін біріктіріп халыққа көмектеседі. Мүмкін сол себептен шығар, волонтерлер көбінесе әлеуметтік бағытта волонтерлік қызметті атқарады. Сонымен қатар басқа бағыттарда да белсенділік күннен күнге артуда».

Еске сала кетейік, жалпы республика деңгейінде басым түрде жеті волонтерлік бағыт қарқынды дамуда.


«Фронт-офис жұмысының маңызды бөлігі мемлекетпен өзара іс-қимыл болып табылады. Өйткені, фронт-офистер мемлекет пен волонтерлік қозғалыс арасындағы көпір қызметін жүзеге асырады, мемлекетке өз өңірінің волонтерлік қозғалысының ерекшелігін, проблемалары мен қажеттіліктерін түсінуге көмектеседі. Волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарға олардың қызметі бойынша қолдау мен көмек көрсетеді. Волонтерлердің жағымды имиджін қалыптастыру бойынша жұмыстар атқарады. Халықты волонтерлік қызметке тарту, аймақтағы волонтерлік институтты дамыту, облыстағы волонтерлерді оқыту болып табылады.

Фронт-офис жұмысында айтарлықтай қиыншылық жоқ өйткені мемлекеттік мекеме болғандықтан өзіміздің ресурстарды қолдану арқылы туындаған мәселерді шешуге болады. Атқарылған жұмыстар  нәтижесінде өңірдегі волонтерлер саны 400-ге өсті, біз үшін ол үлкен нәтиже. Әрбір жоғары оқу орнында және мектептерде қайырымдылық немесе волонтерлік бағыттағы қоғамдық пайдалы іспен айналысатын топ бар деп айтуға болады. Ол біздің – жастардың, волонтерлердің азаматтық позициясының берік екендігінің көрінісі».


Аймақта көптеген ірі іс-шаралар өтуде. Мысалы, қысқы уақытта қарт адамдарға үй-жайымен көмек беру мақсатында «Көмек қолын соз акциясы». Жоба аясында 60-қа жуық қарт кісілерге көмек көрсетілді.

«Біз үшін көмекке мұқтаж адамдармен жұмыс қаншалықты маңызды болса, волонтерлермен жұмыс та, соншалықты маңызды. 2021 жылдың желтоқсан айында фронт-офис қолдауымен облыс көлеміндегі ірі іс-шара өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай "Облыстық жастар сыйлығы-2021" табыстау рәсімі өтті. Жастар қозғалысына белсене араласып, мәдениет, кәсіпкерлік, волонтерлік, спорт, ғылым саласындағы қызметi үшiн 15 номинация бойынша облысымыздың белсенді 30 жасына облыс әкімі орынбасарының алғыс хаты және мерекелік медальдар табысталды. Сонымен қоса үздік деп танылған 2 волонтерлік топқа медаль табысталды.

Волонтерлерді ынталандыру мақсатында «Ескерткіштер – ел тарихы» жобасы. Жоба аясында 50-ге жуық волонтер тегін түрде Қобда және Мартөк аудандарының тарихи-жерлеріне саяхаттап қайтты».

   Қазіргі  уақытта фронт-офис деректері бойынша аймақта әр түрлі санаттағы және жастағы волонтерлер бар. Солардың ішіндегі ең жас волонтеріміз 15 жастағы мектеп оқушысы болатын болса, ең жасы үлкен волонтеріміз 60 жаста.


    «Аймақтық фронт-офистің соңғы жаңалықтарын айтатын болсақ бәрімізге мәлім Қостанай облысындағы төтенше жағдай. Осы орайда біздің волонтерлер бей-жай қарап отырмай, Аманат партиясы ғимаратындағы гуманитарлық көмек жинау пунктінде қызмет атқарды. 3 күн бойы келген азық-түліктерді, киім кешектерді, қажетті заттарды жүк автокөліктеріне тиеп Қостанай облысына жөнелтіп отырды.

Жалпы өз ойым бойынша волонтерлік жастардың бос уақытын тиімді пайдалану үшін, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешу үшін, табиғатты сақтау, мұқтаж адамдарға көмек беру үшін маңызды деп есептеймін. Біздер волонтерлермен әрдайым байланыстаймыз, сонымен қоса өзіміздің сенім телефонымыз және әлеуметтік желідегі парақшамыз бар. Телефонымыз 44-70-31, ал инстаграм парақшамыз @Jasaqtobe».

Авторы: Александра Крашинина @alexandra.krashinina

Соңғы жаңалықтар
03.01.2025 2238 0
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»
Толығырақ
01.01.2025 491 0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған жаңажылдық құттықтау сөзі
Толығырақ
27.12.2024 886 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена