Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар 7 қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарында тағылымдамадан өтеді

7 қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарында тағылымдамадан өтеді

01.07.2024 1186 0

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымының еріктілер бағдарламасы (БҰҰ) арасындағы келісім аясында жеті қазақстандық волонтер БҰҰ-ның әртүрлі құрылымдарында (UNFPA, UN Women, UNDP, UN ESSCAP, IOM) тағылымдамадан өтеді. Олар 266 үміткердің арасынан конкурстық негізде іріктелді. Үш жыл бойы волонтерлер Кения, Тайланд және Түркияда жұмыс істейді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Жүргізіліп жатқан жұмыстар волонтерлік қызмет саласындағы әлемдік оң тәжірибені Қазақстанда одан әрі іске асыруға мүмкіндік береді.

2019 жылы ҚР Үкіметі мен БҰҰ еріктілер бағдарламасы қазақстандық волонтерлердің БҰҰ-ның халықаралық волонтерлері ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ететін келісімге қол қойған еді. Нәтижесінде 7 қазақстандық әлемнің әртүрлі елінде (Кения, Иордания, Түркия және Таиланд) өздерінің волонтерлік қызметін сәтті жүзеге асырды, олардың ішінде 6 волонтер бүкіл әлем бойынша БҰҰ құрылымдарына жұмысқа шақырылды.

Дереккөзі: https://ortcom.kz/kk/novosti/1719817015

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3375 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3181 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2626 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена