Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар 5 желтоқсанда Халықаралық волонтерлер күні атап өтіледі!

5 желтоқсанда Халықаралық волонтерлер күні атап өтіледі!

05.12.2023 1580 0

Пайда болу тарихы 1985 жылы БҰҰ Ассамблеясы бүкіл әлем үшін әлеуметтік маңызы бар мереке – волонтерлер күнін өткізу туралы ұсыныс жасаған кезде басталады.

Бұл күнде Мемлекет басшысыда Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық волонтерлер күнімен волонтерлік қоғамдастықты құттықтады:

«Бүгін – Халықаралық волонтер күні. Біз өзгеге қол ұшын беретін жандарды әрдайым құрметтейміз. Волонтерлер мейірімділік пен сүйіспеншіліктің, тілектестік пен жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп келеді. «Адал азамат» тұжырымдамасының тірегі – осы мызғымас құндылықтар. Қоғамға пайдалы іс-шараларға атсалысатын, қайырымдылық жобаларын жүзеге асыратын және мұқтаж адамдарға қамқорлық танытатын барша азаматтарға алғыс айтамын. Сіздердің жасампаздыққа толы қызметтеріңіз – шынайы отаншылдықтың көрінісі. Мемлекет волонтерлерге қолдау көрсете береді».

Осы жылы Халықаралық волонтерлер күні «Ұжымдық іс-әрекеттің күші: егер әркім өз үлесін қоса алса» деген ұранмен аталып өтуде. Бұл ұран біздің еліміздің ежелден келе жатқан дәстүріне – Асарға ұқсайды, және бұл таңқаларлық емес. Өйткені күш-жігерді біріктіру арқылы ғана қазіргі уақытта адамзат алдында тұрған сын-қатерлерді шешуге болады.

Халықаралық волонтерлер күні - әрқайсымызға жақын мереке. Бірақ ерекше ризашылық сөздері, әрине, волонтерлік өмір салтына айналған адамдарға арналған. Волонтерлердің игі істері – жүректері ыстық адамдар-біздің еліміздің тарихында мәңгілікке жазылған!

Құрметті волонтерлер, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздің миссияңыз әрқашан орындалсын және сіздің әрекеттеріңіз құрметпен бағалансын. Жақсылық жасаңыз және ол сізге бірнеше еселеп оралсын дейміз.

Сізге бақыт, өмірлік қуат, жаңа жетістіктер тілейміз❤️

Дереккөз: @kz_nvs @qazvolunteer.kz

https://www.un.org/ru/observances/volunteer-day

Авторы: Александра Крашинина

@alexandra.krashinina

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 332 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1158 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 3023 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена