Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар 20-21 маусымда Астанада өтетін Халықаралық волонтерлер форумының бағдарламасы таныстырылды

20-21 маусымда Астанада өтетін Халықаралық волонтерлер форумының бағдарламасы таныстырылды

30.05.2023 1657 0

      Бүгін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі волонтерлермен кездесті.
      Кездесу барысында министр 20-21 маусымда Астанада өтетін, Халықаралық волонтерлер форумына дайындық барысын айтып өтті. Сондай-ақ, кездесуде форумға қатысушы өңірлік волонтерлерді іріктеу конкурсының қорытындысы айтылды.
      ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен волонтерлердің республикалық фронт-офисі қатысатын өңірлік волонтерлерді анықтады.
      Форумға әр облыстан 4 волонтер қатысады: олар белсенді волонтерлер, волонтерлік жобалардың үйлестірушілері, волонтерлік ұйымдардың жетекшілері және бастамашыл топтар.
      Форумды ұйымдастыру штабы жақын арада жеңімпаздармен байланысады. Барлық қатысушылар қатысуды растауы керек, қатысудан бас тартқан жағдайда шақыру ең жоғары ұпай жинаған келесі қатысушыға жіберіледі.
      Еске сала кетейік, бұл Форум волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар үшін қазақстандық және халықаралық тәжірибені таныстыруға, сондай-ақ волонтерлік қызметті дамыту мен қолдауда жаңа тәсілдер мен идеяларды әзірлеуге арналған ірі халықаралық шара.
      Форумның басты мақсаты – Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың БҰҰ-ның сессиясында Халықаралық волонтерлерді жұмылдыру жөніндегі бастамаларын ілгерілету.
       Қосымша ақпаратты Форумның ivfkz.org ресми сайтынан немесе Instagram және Facebook әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларынан ала аласыз:
ivfkz.org | instagram/international_volunteer_forum |
facebook/ Ivf Astana.

      Дереккөзі: https://www.instagram.com/p/Cs33sQGsieh/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA== 

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3379 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3181 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2630 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена