Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар DREAMERS мюзиклының түсіріліміне 100 волонтер қатысты

DREAMERS мюзиклының түсіріліміне 100 волонтер қатысты

18.10.2021 956 0

Армансыз адам, қанатсыз құс демекші кез келген адамның өз арманы болады. Бұл арманды біз жүрегімізде сақтап аялаймыз. Бұл армандарға сенеміз.

Уақыт өте келе армандарымыз өзгереді, бірақ ешқашан ұмытылмайды. Бұл адамға тән нәрсе, біздің жаратылысымызға сай. Бұл сиқырлы феномен туралы қаншама зерттеулер, көзқарастар, ой-толғаулар бар, дегенмен ең маңыздысы ­– барлық адамдар АРМАНДАЙДЫ! Жасына, нәсіліне, ұлтына, денсаулық жағдайына және басқа да өзгешеліктерімізге қарамастан барлығымыз армандаймыз.


Бұл ойды көпке жеткізу мақсатында @kit_astana мектебінің басшылығымен 50 адамнан астам команда мүшелері, 100 волонтер және 26 денсаулық жағдайының ерекше қажеттілігі бар актерлер бірігіп DREAMERS мюзиклын түсірді. Әрбір кадрда кейіпкердің эмоциялары мен сезімдерін жеткізуге деген ұмтылыс пен үлкен еңбек жатыр.

26 қазанда жобаны қолдауды жүзеге асырып жатқан АҚШ-тың  Қазақстандағы елшілігінің өкілдері қатысуымен мюзиклдың арнаулы көрсетілімі және актерлермен сұхбаттасу сессиясы өтті. Көрсетілім аяқталғанда келген қонақтар біздің актерлерге мюзиклге дайындалу, түсірілім барысы мен әсеріне қатысты сұрақтар қойды. Жақын арада мюзиклдың ресми тұсаукесері күтілуде.

Мюзикл сіздердің көптеген көзқарастарыңызды жаңартуы немесе өзгертуі мүмкін, сондай-ақ сізбен мейріміділік нұрымен бөліседі.


Авторы: Александра Крашинина

@alexandrakrashinina 

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена