Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Профиль

Әсемгүл Асқарқызы

Volunteer ID: 82483
Region:

Atyrau region

Locality:

Atyrau region, Atyrau

Directions:
Social volunteering
Volunteering experience:

18 year

About myself

Мен, Асқарқызы Әсемгүл, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының «Азаматтық орталық» КММ ұйымдастыру бөлімінің басшысымын. Қызметімнің негізгі бағыттарының бірі – волонтерлермен тікелей жұмыс жасау, олардың қоғамдық бастамаларын қолдау және волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған жұмыстарды ұйымдастыру. Қызмет барысында әртүрлі бағыттағы қоғамдық, әлеуметтік, мәдени, қайырымдылық және ақпараттық іс-шараларды ұйымдастырып, волонтерлердің белсенді қатысуын қамтамасыз етіп келемін. Волонтерлерді біріктіру, олардың қабілеттерін тиімді пайдалану, жаңа бастамаларына қолдау көрсету және қоғамға пайдалы жобаларды жүзеге асыру – жұмысымның маңызды бөліктерінің бірі. Адамдармен тығыз қарым-қатынас орнату, командалық жұмыс жүргізу, іс-шараларды жоспарлау және ұйымдастыру бағытында тәжірибем бар. Әрбір волонтердің қоғамға қосатын үлесі маңызды деп есептеймін. Сондықтан жастардың және белсенді азаматтардың қоғамдық өмірге араласуына жағдай жасауға, олардың жаңа идеяларын жүзеге асыруға және волонтерлік мәдениетті қалыптастыруға өз үлесімді қосып келемін. Волонтерлік бағыттағы тәжірибемді одан әрі жетілдіріп, жаңа жобалар мен бастамаларға қатысу, тәжірибе алмасу және қоғамға пайдалы жұмыстарды дамыту мақсатында волонтер ретінде тіркеліп отырмын. Мен үшін волонтерлік – тек көмек көрсету емес, адамдарға пайда әкелу, жаңа тәжірибе жинақтау, қоғаммен бірге даму және жақсы бастамаларға үлес қосу мүмкіндігі.

Voluntary activities

  • Implementing
  • Planned
  • Finished

No active projects

No planned projects

No completed projects

Спасибо! ваша заявка отправлена