Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Профиль

Рүстем Темірғалиев

Volunteer ID: 32449
Region:

Atyrau region

Locality:

Atyrau region, Atyrau

Directions:
Environmental volunteering
Social volunteering
Cultural volunteering
Online volunteering

About myself

Темірғалиев Рүстем Темірғалиев Рүстем 1994 жылдың 28 қыркүйекте Атырау облысы, Махамбет ауданында дүниеге келген. Жастайынан мұғалім мамандығана қызығушылық танытып, қазіргі таңда осы саланың білікті маманы. Ол бүгінгі күні Атырау энергетика және құрылыс колледжінде Жастар ісі комитетінің төрағасы және І санатты Химия пәні оқытушысы қызметін атқарады. Белсенді жас. Жалпы еңбек өтілі 6 жыл, педагогикалық еңбек өтілі 6 жыл. Темірғалиев Рүстем жоғарғы деңгейдегі маман, білікті педагог. Халықаралық «Білім берудің мазмұнын жаңғырту жағдайында смарт технологияларды тиімді пайдалану және әлемдік тәжірибиге енгізу» тақырыбында тәжірибе мен әдістер дайындау жобасының түлегі. Соңғы 5 жыл көлемінде 1200-ға жуық ауыл, аудан, қала оқушыларына дәріс берді. Бүгіндері ол баптаған шәкірттер еліміздің ғана емес, шет мемлекеттердің де студенті атанып үлгерді. Білім - жаһандық, тәрбие - ұлттық болуы тиіс деп ұғынған білікті педагог адамға тән асыл қасиеттерімен де өскелең ұрпаққа үлгі. Қазіргі уақытқа дейін әр түрлі шаралардың басы қасында жүріп көптеген алғыс хаттар мен марапаттарға ие болды, Атап айтқанда 2017-2019 жж өткен Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Жамбыл облыстарында өткен халықаралық,республикалық ғылыми – тәжірибелік конференцияларға қатынасып түрлі сертификаттарға ие болды.«ӨРЛЕУ» Біліктілікті арттыру орталығы АҚ филиалы Алматы қаласында өткен республикалық үздік жобалар байқауының -«Құрмет грамотасы- 2018ж; Облыстық “Үздік Куратор 2018 ” – ІІ орын, 2018 ж; Облыстық конкурс «Үздік жас маман -2018 »-І орын, 2017ж; “Үздік Оқытушы 2017ж” – ІІ орын, Республикалық 10 жуық әр түрлі вебинарлар мен жобаларға өзінің мақалаларын жариялап түрлі Алғыс Хаттарға ие болды. Республикалық педагог мамандар арасындағы өткізілген "Жастар жылы" атты байқауға қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. " Білім беру парадигмасының өзгерту жағдайын:жаңғыртулар,мәселер,тәжірибелер " атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда үздік баяндама қорғағандығы үшін арнайы сертификатпен марапатталған. Біліктілікті арттыру жобасы бойынша курстардан өтіп сертификаттармен марапатталған. Ғылым мен білімді бір арнаға тоғыстырған педагог мықты мұғалім болып та қоғамда жетістікке жетуге болады деп есептейді. Білім саласы мамандарының іскерлік дағдыларын арттыру жолында тынымсыз ізденіп жүрген Жалпы кәсіптік қызметіндегі алға қойған мақсаты мен ұстанымы: «Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында нәтижеге бағытталған оқытудың заманауи нысандары мен әдістерін қолдану жолдарын арттыра отырып, сапалы білімге қол жеткізу» Ғылым жолындағы өзіндік ізденістерімен дараланған оның ғылыми мақалалары Ресей елінде өткен конференцияда жоғары бағаланды. Іскер, жалынды жас қоғамдық жұмыстарға белсене араласаты. Сабырлы, салмақты ұжым мүшелерімен және студенттермен тіл табыса білетін жан. Темірғалиев Рүстем өз білімін жан – жақты жетілдіріп отырады. Ол өткізген әрбір тәрбиелік шараларда студенттерді рухани жаңғыртып, патриоттық сезімге, азаматтық, адамгершілікке тәрбиелейді. Эстетикалық көркем мінездерге студенттерді үнемі дамыта отырады. Ол өткізген әр сабақтарында студентерді биік мақсаттарға жетелейді.. Облыстық, қалалық өткізілген шаралардың ортасында жүреді. Сайлау комиссиясы мүшесі, әрбір тапсырылған жұмысты ынтызарлықпен орындайтын жан. Республикалық «Zhas Project -2019» жастар корпусын дамыту жобасының – осал топтағы жастарға арналған бағдарламаның ментор тренеры болып жұмыс атқардым. Zhas Project жобасы қолында дипломы жоқ, жұмыссыз жүрген жастар, мүмкіндігі шектеулі және тұл жетімдерді қолдауға бағыт алған бірден-бір жобада жастарға көмек қолын созу арқылы өмірге тәрбиеледі. Республикалық «SAMGAU – 2019 » жасөспірімдер мен жастарды оқыту, жұмысқа орналасу және лайықты жұмыс жасау дағдыларын дамыту жобасының аймақтық мастер-тренері. Жастар жылы аясында ұйымдастырылған Республикалық «Zeren Camp 2019» «жас көшбасшылар 9 күндік жаздық лагердің қатысушы.Онда барғандағы мақсаты Атырау жастарына өз кәсіптерін ашуға мүмкіндік жасау.Жалпы жобаның мақсаты Қазақстанның барлық өңірлерінде нақты жұмыс істейтін, тұрақты әлеуметтік-бағдарланған бизнес жобаларды іске қосу Ауыл жастарының экономикалық және әлеуметтік лифтілерге қол жеткізуін арттыру болып табылады. Атырау облысы «Жастар саясаты мәселелері басқармасының» қолдауымен, «Жастар таңдауы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Железноводск қаласында Атырау облысының жастары мен мекеме қызметкерлеріне арналған лагерь жастар лагерінің қатысушысы .5 күн уақытты қамтитын бұл лагерьдің басты мақсаты белсенді де шығармашыл жастармен пікір алмасу. 80-нен астам қатысушыны қамтыған лагерь «Jastar Otanga 2018» деген атаумен өткізілді. Жастар жылы аясында ұйымдастырылған «Jastar Kerueni 2019» туристік жорығының қатысушысы.Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша арнайы жастар жылының аясында өткізілді. Ондағы мақсат жастар арасындағы байланысты күшейтіп, Қазақстанда ішкі туризмді дамыту. Себебі жастар қоғамның қозғаушы күші болып табылады. «Батырлар жолымен – Дорогой славы» экспедициясының қатысушысы. Еуразиялық Одақтың (ERG) «Батырлар жолымен – Дорогой славы» халықаралық патриоттық жобасының аясында «Майдан жолы» ғылыми-ізденуші тобы, экспедицияның негізгі бағыты Ресей Федерациясының Санк Питербург облысына аттанып батыр аталарымыз ізімен жүріп өттік. Текті сөздің ділмары, көсем сөздің білгірі қашанда жастар арасында өз ойын ортаға салып, өзіндік ой иірімдерімен бөлісуді басты назарда ұстайды. Жас ұстаздың еселі еңбегі қашанда басты назарда. 2019 жылдың маусым айында Жас педагогтардың көшбасшысы ретінде Білім және ғылым министірі Асхат Аймағамбетов кездесуге қатысқан."Адам не нәрсені сүйсе, соның құлы" деп ұғынған ол өз мамандығына асқан ықыласпен, зор сүйіспеншілікпен қарайды. Осыншама марапатқа жеткен ұстаздың жетістік сыры біреу ғана деп білеміз. Ол - мамандығына деген адалдық пен адамдық.

Voluntary activities

  • Implementing
  • Planned
  • Finished

No active projects

No planned projects

No completed projects

Спасибо! ваша заявка отправлена