Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home Projects «НАРКО STOP» атты дөңгелек үстел!

Contacts

«НАРКО STOP» атты дөңгелек үстел!

24.07.2015 — 24.07.2015

fr 17:14 to 17:14

Almaty region, Taldykorgan, Сарқан қаласы

0 / confirmed volunteers

0 responded volunteers

About project

Сарқан ауданы, Сарқан қаласы, Гуманитарлық колледжінде «Парыз» Сарқан ауданының еріктілері» ЖҚБ – нің ұйымдастыруымен «НАРКО STOP» атты дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Жастар арасында құқық бұзышылықты, нашақорлық және есірткі тарауының алдын алу.Салауатты өмір салтын насихаттау, құқық бұзушылық, жат мінездердің алдын алу, жастардың нашақорлықпен күресу туралы пікірлерін талқылау. Дөңгелек үстел қаламыздың белсенді жастарымен, Сарқан ауданының жастар ресурсттық орталығы, ««Парыз» Сарқан ауданының еріктілері» жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшілерінің қатысуымен өтті. Дөңгелек үстел барысында жастарға аранайы таратпа құралдары таратылып, нашақорлықтың зияндығын және түрлері таныстырылып, онымен күресудің жолдары түсіндірілді.Сонымен қатар жастар өз ойларымен бөлісіп, егерде қала көшелерінде, қараусыз қалған ғимараттарда, Сарқан өзені жағалауында есірткі шегіп отырған адамдарды көрсе, бірден полиция бөлімшесіне немесе көршілер бақылауына телефон шалатындарын жеткізді. Және де аудандық ауруханада наркология есебінде тұрған жастармен қарқынды жұмыс жасап, оларды қоғамнан шеттемеу керек десе, енді біреулері оқу орындарында жылына кем дегенде екі рет наркологиялық тесттер жүргізілсе жастар арасында есірткіге құмарлық жойылады деген ұсыныстар ұсынды.Жастар бірінен бірі асып «НАРКО STOP» атты дөңгелек үстел өте қызық өтті.Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша жастар қоғамдағы нашақорлық проблемаларына бей-жай қарамайтындарын білдірді.

Roles

«НАРКО STOP» атты дөңгелек үстел!

24.07.15 — 24.07.15

fr 00:00 to 00:00

0 / 1 busy

Спасибо! ваша заявка отправлена