Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home Completed projects reports "Сарқан ауданының ресурстарын сақтау"

Contacts

"Сарқан ауданының ресурстарын сақтау"

31.10.2019 — 31.10.2019

fr 11:24 to 11:24

Almaty region, Taldykorgan, Сарқан аудандық политехникалық колледж

0 / confirmed volunteers

0 responded volunteers

About project

«Алматы облысының жастар ресурстық орталығы» КММ –нің филиалы «Сарқан ауданының жастар ресурстық орталығы» және "ЖАЛЫН ЖҮРЕК" ЖҚБ ұйымдастыруымен Сарқан политехникалық колледжінде жастарға экологиялық тәрбие беру арқылы олардың дүниетанымдық және табиғатты қорғау қабілеттерін арттыру. Табиғат пен адам арасындағы байланыс, табиғатты қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік беру. Жастардың қаламызға деген зор махаббатын, ортақ үйіміздің таза, әдемі болуына және гүлденуіне, көркейуіне талпыныстарын арттырды мақсатында "Сарқан ауданының ресурстарын сақтау" атты семинар өтті. Ұйымдастырылған семинарға Сарқан Политехникалық колледжінің оқу ісінің меңгерушісі Анар Өмірбекқызы, "Жоңғар Алатауы МҰТП" РММ - нің орманды қорғау инженері С. Ержанов сондай-ақ, колледж студенттерімен ұстаздары қатысты. Семинар төңірегінде сөз кезегінде Сарқан аудандық жастар қоғамының басшысы Д. Қалиев қоршаған табиғи ортаға өте кері әсерін тигізетін өзекті мәселелері қолға ала отырып, және колледж студенттеріне қатты тұрмыстық қалдықтары туралы, олардың қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттардың мөлшерін азайту үшін жүргізілетін іс-шараларын түсіндіріп, өндірістік қоқыстарды азайту, жаңа тазалағыш құрылғыларды құрастыру және оның тиімділігін арттыру, лас көздерін жою, қалдықтарды қайта өндіруді көздеудегі бейне сюжеті көрсетіліп бастау алды. Сонымен қатар қатты тұрмыстық қалдықтарды шаруашылықта дұрыс пайдалануын, оның ішінде арнайы қоқыс салатын жәшіктерге жинап қоюын талап етуді түсіндіріп өтті. "Жоңғар Алатауы МҰТП" РММ орманды қорғау инженері С. Ержанов өзінің баяндамасында жалпы Табиғат Ананы қалай қорғау қажет екендігіне тоқталып, осы мәселені шешу үшін ең алдымен экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы адамдардың табиғатқа деген көз қарасын өзгертіп тәрбиелеу керек. Балабақшадан бастап, мектептерде жоғарғы және арнайы оқу орындарында табиғатты қорғаумен экологиялық білімді тереңдетіп меңгеру керектігін, қазіргі заман талабына сай экологиялық идеологияны қалыптастыруды, газет журналдарға мақалалар жазуды, радио-теледидарларға сұхбат беруді әрдайым қажет екендігіне тоқталып өтті. Сондықтан ғана ертеңгі күннің белсенді табиғат қорғаушыларын дайындауға мүмкіндік аламыз

Спасибо! ваша заявка отправлена