Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Профиль

ГККП "Школа искусств #1" акимата города Нур-Султан

Organization ID: 2877
Region:

Astana

Locality:

Astana, Astana

Directions:

About organization

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың рухани жаңғырудың жарқын жолын саралап, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді дегендей, тәуелсіз елдің талантты балаларын оқытатын «№1 өнер мектебі» негізі 1983 жылы «Целиноградтық өнер мектебі» деген атаумен қаланған. Мектептің алғашқы директоры Речицский Виталий Семенович. 1992 жылы «Ақмола қаласының өнер мектебі» атауына өзгертіледі. 1998 жылдан 2008 жылдар аралығында «Өнер мектебі» атауымен балаларға қосымша білім беру мекемесі ретінде танылып, 2008 жылы 15-қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің жарлығымен «№1 өнер мектебі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны атауы беріліп, мектеп директоры Абдрашитова Бахыт Султановна тағайындалды. Қазіргі таңда мектепті Сәбиев Фархад Қабденұлы басқаруда. «№1 өнер мектебі» КМҚК-да қаланың әртүрлі мектептерінен келген талай оқушылар білім алып жатыр. Өнердің бірнеше толқын өкілдері ұядан қияға самғады. Олар ұлттық өнердің қыры мен сырына баулитын шаңырақ табалдырығынан өз қалаулары бойынша домбыра, қобыз, фортепиано, скрипка, гитара, баян, ұрмалы аспаптар сияқты аспаптардың сиқырлы сазын меңгеріп, хореография, көркемсурет бөлімдері бойынша әсемдікке, эстетикалық талғамға үйренуде. Білім беру стандарты тек белгілі бір білім деңгейін оқытса, ал баланы шығармашылыққа баулып, оның дамуына жан-жақты жағдай жасау, сөйтіп баланың өзін үздіксіз жетілдіріп, қосымша білім алуын қамтамасыз ету мектептен тыс мекемелердің тікелей міндетіне жатады. Қосымша білім беру оқыту ғана емес, тәлім-тәрбие берудің таптырмас құралы. Өйткені, ол баланың мектептегі білімін дамытып тереңдете түседі, бос уақытын өнімді әрі тиімді пайдалануға үйретеді, өзінде бар шығармашылық қабілетін жетілдіреді. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№1 өнер мектебі» МКҚК сабақтар қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Мектепте: қазақ ұлттық аспаптар (домбыра, қобыз, «Мұрагер» оркестр класы), аспаптар бөлімі (фортепиано, скрипка, гитара, баян, ұрмалы аспаптар), вокал сыныбы (академиялық, эстрадалық вокал, дәстүрлі ән), хореография (ритмика, классика, шетел хореографиясы), көркемөнер (сурет салу, кескіндеме, мүсін, өнер тарихы, компьютерлік графика ) және театр бөлімдері (актерлік шеберлік, сахна қозғалысы) жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 29.12.2011 жылғы №543 бекітілген үлгілік оқу жоспарына және балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің, балалар өнер мектептерінің бағдарламасына сәйкес, оқу мерзімдері – халық аспаптар бөлімінде 5 жыл, аспаптар бөлімінде 5-7 жыл, вокалдық хор бөлімінде 5 жыл, хореография бөлімінде 7 жыл, көркемөнер бөлімінде 4-7 жыл, театр бөлімінде 4 жыл білім алып, және мектепті бітіргендігі туралы бекітілген үлгідегі куәлік алады. 2019-2020 оқу жылында 1493 оқушы білім алуда.

Date of education:

01.01.1983

Head:

Сәбиев Фархад Қабденұлы

Legal address:

Республика Казахстан, 010000, город Нур-Султан, район "Байконур", проспект Абая 74/1

Actual address:

Абая 74/1

Projects

  • Implementing
  • Planned
  • Finished

No active projects

No planned projects

No completed projects

Спасибо! ваша заявка отправлена