Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Қазақстанда салалық волонтерлікті дамытуға арналған шағын гранттар байқауы жарияланды

Қазақстанда салалық волонтерлікті дамытуға арналған шағын гранттар байқауы жарияланды

16.07.2025 451 0


Қазақстанда волонтерлікті дамытудың келесі басым бағыттары бойынша шағын гранттар байқауы басталды:

-  Зооволонтерлікті дамыту;

-  Төтенше жағдайлар кезіндегі және олардың салдарын жоюға бағытталған волонтерлікті дамыту;

-  «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы экологиялық волонтерлікті дамыту.

Байқау Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы коммерциялық емес акционерлік қоғамының қолдауымен жүзеге асырылатын мемлекеттік грант аясында өткізіледі. Байқаудың ұйымдастырушысы – «Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігі.

Байқаудың мақсаты:

-  Жануарларды қорғауға, оларға ізгілікпен қарауға және қоғамда жауапты қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау арқылы зооволонтерлікті дамытуға ықпал ету;

-  Төтенше жағдайлардың алдын алуға, жедел әрекет етуге және олардың салдарын жоюға бағытталған волонтерлік бастамаларды қолдау арқылы азаматтық қоғамның төтенше жағдайларға дайындығын арттыруға жәрдемдесу;

-  Қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған азаматтық белсенділіктің бір түрі ретінде экологиялық волонтерлікті дамытуға жағдай жасау.

Гранттық байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне, басым бағыттарына сәйкес келетін жобалар қаржыландырылады.

Әр бағыт бойынша байқаудың жалпы бюджеті – 10 миллион теңге.
Барлығы 30 жобаға қолдау көрсетіледі (әр бағыт бойынша 10 жоба). Әрбір жоба 1 миллион теңгеге дейін қаржыландырылады.

Байқауға өтінімді тіркелген коммерциялық емес ұйымдармен қатар, бастамашыл топтар мен байқау шарттарына сәйкес келетін жеке тұлғалар да бере алады.

Байқау өткізу кезеңі:
2025 жылғы 16 шілдеден 4 тамызға дейін (сағат 17:00-ге дейін)

Іріктеу критерийлері, жобаға қойылатын талаптар және өтінім нысандары жөніндегі толық ақпаратпен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://drive.google.com/drive/folders/1fC8HK4o3mDzlEZL79PHwrXobL-likMd9

Дереккөзі: @kz_nvs

Last news
11.10.2025 149 0
Волонтерлер Өскеменнің орталығында жасыл аллеяларды отырғызуда
Read more
10.10.2025 215 0
Игі істер марафонына қосылыңыздар!
Read more
06.10.2025 297 0
Достар, тамаша жаңалық!
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена