Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News ЯНДЕКС ҚАЗАҚСТАН су тасқынынан зардап шеккендерге арналған заттарды жеткізуге көмектеседі

ЯНДЕКС ҚАЗАҚСТАН су тасқынынан зардап шеккендерге арналған заттарды жеткізуге көмектеседі

05.04.2024 2430 0

4-7 сәуір аралығында қала тұрғындары Яндекс Go қосымшасында су тасқынынан зардап шеккендерге заттарды жеткізу құнынан 1% символикалық ақыға жібере алады. Ол үшін қосымшаның жеткізу бөлімінде «экспресс» тарифін таңдап, келесі мекен-жайлардың бірін тағайындау арқылы тапсырыс беру керек:

📌Алматы қ., Байұрсынов көшесі 22к1 (телефон: 8 747 540 01 40 )
📌Алматы қ., Қарғалы мөлтекауданы, Байдәулет көшесі 5 (телефон: 8 705 777 07 45 )
📌Астана қ, Сарыарка даңғылы 13 (телефон: 8 701 356 22 96 )
📌Актөбе қ., Тәуелсіздік көшесі 14 Б (телефон: 8 771 768 67 97)
📌Орал қ, Жұбан Молдағалиева көшесі 19 (телефон: 8 776 909 00 20)
📌Қостанай қ., Гоголь көшесі 111 (телефон: 8 747 659 58 51)
📌Шымкент қ., Түркістан көшесі 1 (телефон: 8 707 291 52 53)

✅ Бұл ретте, жүргізушілер тапсырыс үшін толық төлем алады, ал жеңілдікті шығынан компания өтейді. Жеңілдік қабылдау пункттерінің жұмыс уақытында ғана қол жетімді.

‼️ Гуманитарлық көмекті жинау пункттеріне заттарды жеке (өз бетінше) апарғысы келетін қала тұрғындары Яндекс Картасы арқылы арнайы сілтеме бойынша немесе іздеуге «су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек қабылдау пункті» немесе «гуманитарлық көмек жинау пункттері» сұрауын енгізе отырып, таба алады. Мұнда ел бойынша мекен-жайлардың тізімі қолжетімді, сондай-ақ бұл тізім үнемі толықтырылып отырады.




Last news
08.12.2025 130 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Read more
06.12.2025 121 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Read more
05.12.2025 164 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена