Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Орталық Азиядағы волонтерліктің жаңа рөлі: көмектесу уақыты

Орталық Азиядағы волонтерліктің жаңа рөлі: көмектесу уақыты

20.04.2026 40 0


Қазақстанда «асар» деген сөз бар. Ол қарапайым бір нәрсені білдіреді: егер біреуге көмек қажет болса, адамдар жиналып, көмектеседі. Ешқандай формальдылықсыз және келісімдерсіз — жай ғана келіп, істейді.
Біз өмір сүріп жатқан заман дәл осындай әрекетті жиі талап етеді — үн қосу, әрекет ету, көмектесу. Сондықтан бүгінде бұл ізгі дәстүр жаңа мәнге ие болып отыр.
XXI ғасырда асар рухы жоғалып кеткен жоқ. Керісінше, ол өзгеріп, ауқымды әрі айқын бола түсті.

Соңғы жылдары елде және жалпы Орталық Азияда волонтерлік мақсатты түрде дамып келеді. Алдымен 2020 жылы Қазақстанда Волонтерлер жылы өтті, кейін 2024 жылы ТМД елдерінде Волонтерлер қозғалысы жылы жарияланды. Қазір Қазақстанның бастамасының арқасында 2026 жылды Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен Халықаралық еріктілер жылы ретінде жариялау бағыты қарқын алып келеді.

Бірақ мәселе тек халықаралық бастамалар мен ақпараттық науқандарда ғана емес. Біз Қазақстанда және өңірде волонтерлікке деген көзқарастың біртіндеп өзгеріп жатқанын көріп отырмыз. Ол енді хобби ретінде қабылданбайды, керісінше нақты міндеттерді шешуге қосылатын маңызды үлес ретінде қарастырылады — білім беру, экология, денсаулық сақтау, іздестіру-құтқару жұмыстарында.

Мемлекеттік құрылымдар, жергілікті билік және волонтерлер барған сайын бөлек емес, бірге жұмыс істей бастады.

Осы жағдайда ережелер де өзгеріп жатыр: Қазақстанның жаңа Конституциясында волонтерлікті қолдау туралы тікелей айтылған. Нәтижесінде түсінік те өзгере бастады: волонтерлік қызмет — қосымша нәрсе емес, ол шарт; дәмдеуіш емес, негізгі құрамдас бөліктердің бірі.

Бұл тұрғыда Қазақстан жалғыз емес. Бүгінде көптеген елдерде волонтерлік бұрынғыдан да күрделі әрі жылдам өзгеріп жатқан тұрақты даму міндеттерін шешудің тиімді жолы ретінде қайтадан жаңаша қарастырылуда.


Сонымен қатар үйреншікті қатысу түрлері де жоғалған жоқ: адамдар әлі де аумақтарды тазалауға шығып, ағаш отырғызады. Бұл әлі күнге дейін негізгі негіз болып қала береді. Бірақ сонымен бірге жаңа мүмкіндіктер пайда болуда. Мысалы, онлайн-волонтерлік әртүрлі құрлықтарда жүрсе де, көмектесуге, тәжірибе бөлісуге және бірге жұмыс істеуге мүмкіндік береді.


Орталық Азияда бұл әсіресе айқын байқалады. БҰҰ еріктілер бағдарламасы 2024 жылы дайындаған шолу көрсеткендей, өңірде волонтерлік өз негізін — өзара көмек дәстүрін сақтай отырып дамып келеді. Мемлекет, бизнес және азаматтық қоғам біртіндеп неғұрлым үйлесімді әрекет етуге үйреніп жатыр, ал волонтерлердің үлесі экологияда, әлеуметтік салада және төтенше жағдайлар кезіндегі жұмыстарда барған сайын айқын көріне бастады.


Әрине, Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлі де өзгеріп жатыр. БҰҰ Еріктілер бағдарламасы (ДООН) арқылы біз түрлі тәжірибесі мен дағдылары бар, соның ішінде цифрлық құзыреттері бар волонтерлерді тартамыз және олардың қатысуын қолжетімді әрі тиімді етуге тырысамыз. Ал БҰҰ Даму бағдарламасы (ПРООН) арқылы біз үкіметтермен жұмыс істейміз, волонтерліктің даму, климат және экология стратегияларына енгізілуін қамтамасыз ету үшін — ол бір реттік көмек ретінде емес, жүйелі түрде жүзеге асуы үшін.

Бірақ бәрібір бір нәрсе жетіспейді.


Волонтерлер өте көп жұмыс атқарады. Олар қауіп-қатерді азайтады, адамдарға көмектеседі, қоршаған ортаны қорғайды. Мұның бәрі өмірде — айналамызда көрініп тұрады. Бірақ ол әрдайым жүйелерде, есепке алуда, бюджеттерде көріне бермейді. Волонтерлерді бағалайды, бірақ әрдайым қолдай бермейді.

Дәл осы туралы БҰҰ Еріктілер бағдарламасының «Әлемдегі волонтерліктің жай-күйі 2026» баяндамасында айтылады. Маңыздысы тек волонтерлік қызметке қанша уақыт пен ресурс жұмсалғанын білу ғана емес, сонымен бірге оның қоғамға қалай әсер ететінін түсіну: оны тұрақтырақ етеді, адамдар арасындағы байланыстарды күшейтеді және түрлі сын-қатерлерді еңсеруге көмектеседі.

Орталық Азия үшін бұл ерекше маңызды. Мұнда ынтымақтастық дәстүрлері өте күшті. Бірақ олар XXI ғасырда толық қуатымен көрінуі үшін қолдау қажет — мойындау, деректер және инвестициялар.

Волонтерлерге тек мотивация ғана емес, сонымен бірге жағдай мен дайындық та керек. Ал жүйелерге үйлестіру қажет. Волонтерлердің тұрақты дамуға қосқан үлесі шешім қабылдау кезінде ескерілуі тиіс.

Бұл тек ұлттық емес, сонымен бірге өңірлік міндеттерге де қатысты — мысалы, Арал теңізі аймағында. Экологиялық мәселелер шекара білмейді, сондықтан шешімдер де шекарамен шектелмеуі керек.
Егер Орталық Азия елдері өңірлік экологиялық волонтерлікті қолдайтын болса, ол ұзақ мерзімді перспективада тиімді жұмыс істей алады.

Сонда волонтерлік жай ғана ізгі ниет болып қалмайды. Ол елдердің болашақтағы сын-қатерлермен қалай күресетінінің бір бөлігіне айналады.


Сондықтан 2026 жыл — жай ғана күнтізбедегі дата емес. Бұл келесі қадам жасауға берілген мүмкіндік.

Көмектесу ерекше жағдай емес, қалыпты құбылысқа айналуы үшін.

Адамдардың қатысуы ереже деңгейіне жетуі үшін.

Волонтерлік өз мәні бойынша қазірдің өзінде қандай болса, сондай — даму ресурсы — болып қалыптасуы үшін.

Көмектесетін уақыт.

Және оны өткізіп алмау маңызды.


Авторлары: Хаолян Сюй — БҰҰ Даму бағдарламасы әкімшісінің орынбасары; Тойли Курбанов — БҰҰ Еріктілерінің атқарушы үйлестірушісі.


Last news
20.04.2026 38 0
Орталық Азиядағы волонтерліктің жаңа рөлі: көмектесу уақыты
Read more
17.04.2026 159 0
«Игі істер марафоны» жобасы 20 сәуір күні қайта басталады!
Read more
13.04.2026 159 0
Aman! 1 000 000 теңгеге дейін грант ұтып ал да, идеяңды жүзеге асыр!
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена