Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлер

Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлер

30.06.2024 1444 0

Қазіргі әлемде волонтерлер қоғамдық қызметтің әртүрлі салаларында, әсіресе денсаулық сақтау бағытында баға жетпес рөл атқарады. Олардың қосқан үлесі денсаулық сақтау мекемелеріне жүктемені едәуір жеңілдетіп қана қоймайды, сонымен қатар пациенттердің өмір сапасына және жалпы халықтың денсаулығына тікелей әсер етеді.

Бүгін біз сіздермен осы саладағы волонтерлік тәжірибемен бөліскіміз келеді және волонтерлер қандай бағыттарда көмектесе алатынын айтқымыз келеді.

Біздің сұхбаттың кейіпкері Базарханұлы Расул.

«Мен құшағында қалың қазақ ұйысқан, алты алаштың анасы атанған Сыр елі, жыр елі Қызылорда облысының тумасымын. Мектеп кезінен бастап жақсылықты жаным құмартып, волонтер болуға шешім қабылдадым. Қазіргі уақытта «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасының Қызылорда облысы бойынша үйлестірушімін. Мен өзімді волонтер, қоғам белсендісі, бейресми білім беру тренер-менторы және үздік лидер ретінде таныстырғым келеді. Себебі: «Көшбасшылық» қабілеті кез-келген адамды алға қарай жетелері рас. Осы үшін де мен өз қатарымнан бірер саты биікке ұмтыламын. Әрине адами болмысты сақтау қашанда маңызды!»

Расул өзінің таңдаған волонтерлік бағыты туралы:

«Медицина саласына қызығушылығым аясында «Birgemiz» жалпыұлттық жобасы бойынша 8 бағытының бірі «Саулық» бағытын таңдадым. Неліктен «Birgemiz: Saulyq» жалпыұлттық жобасын таңдадым?

Қазақта «Жақсылық қылсаң да өзіңе, жамандық қылсаң да өзіңе» деген жақсы бір сөз бар. Міне, осы бір ойланарлық сөзді әкем ылғи айтып отырады. Яғни, әрбір адам ең бірінші жамандық жасауға емес, жақсылық жасауға бейім болуы керек. Ал мен жақсылық жасауды тұтас ұлт денсаулығына жауапты медицина саласынан бастадым. Қазіргі уақытта медицина саласында оқитын студенттердің саны өте көп. Сол студенттердің басын бір арнаға тоғыстырып, медик волонтерлердің ортасын құру, құрып қана қоймай халыққа медицина саласы бойынша әртүрлі кеңестер беріп, осы салада жан-жақты қолдау білдіру алдыға қойған мақсатымыз. Мақсаты айқын адам ғана жетістікке жететінін ұмытпайық!»

Көріп отырғанымыздай, волонтерлер денсаулық сақтау саласында әртүрлі рөл атқарады: медициналық персоналды қолдау, пациенттер мен олардың отбасыларына көмек көрсету, білім беру және алдын алу, дағдарыс пен апаттардағы жұмыс, медициналық көмектің тиімділігі мен қолжетімділігін арттыру.

«Әдетте, біз медик волонтерлермен бірге жан-жақты даму мақсатында әртүрлі орындарға танымдық экскурсия жасаймыз. Экскурсия барысында студенттер өздеріне керекті ақпараттарын алады. Экскурсия жасау мен үшін қызыққа толы. Әр экскурсиядан кейін «білгенім бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз» екеніне көзім жетеді. Ұмытылмас сәттер деп әрбір шарадан кейінгі бас қосуды айтар едім. Қандай бас қосу деп ойлаған боларсыз? Біз әдетте әрбір шара өткеннен кейін қорытындылау мақсатында еркін форматта жиналыс өткіземіз. Жиналыс барысында бір-бірімізге тәттілер ұсынып, шарадан алған әсеріміз бен түйгенімізді ортаға салып талқылаймыз, тәжірибе алмасамыз. Командамен ұзақ өткізгендіктен болар ұмытылмас сәттер өте көп».

Расулың денсаулық сақтау бағытындағы жұмысының көп бөлігі ағартушылық, насихаттау және білім беру белсенділіктерін қамтиды.

«Біздің өткізген көптеген іс-шараларымыз қазыналы қарттармен болды. Біз қарттар үйіне немесе жалғыз басты қарттарға шара өткізген кезде қатты бауыр баспауға тырысамыз. Себебі: ол кісілердің ешкімі жоқ. Біз ол кісілердің жанында күнделікті болмаймыз, бірнеше сағаттар ғана боламыз. Қатты бауыр басып қалсақ ол кісілер бізді іздеп сағынады, жылулық іздейді. Тіпті кейде ұйымдастырушылар арқылы байланыс номерімізді сұрап алып, бізге хабарласып шақырып жатады. Шақырған кезінде барынша барып, хал-жағдайын біліп, көңілін аулаймыз. Тіршілік болғаннан кейін кейде бара алмай да қаламыз. Ол кісілердің тағдыры студенттерге қатты ауыр тиеді. Кейбір студенттер бар жүректеріне қатты қабылдап қалатын. Біз оларға мән-жәйді түсіндіріп, тағдыр екендігін, жүрекке қатты қабылдауға болмайтындығын түсіндіріп жатамыз. Міне, осындай бір қиын кезеңдерде болады. Қиын тағдырдың тәлкегіне түскен әрбір адамға көмек көрсетуге біз әрқашан дайын болуымыз керек. Себебі біз ертең кім боларымызды білмейміз. Әрбір күніміз жақсылықпен басталсын!»

 

Расул өзінің қоғамға пайдалы қызметінен алған сабақтары мен тәжірибесі туралы да бөлісті.

«Бұл саладағы тәжірибемнен мен үлкен өмірлік сабақтар алдым деуге болады. Оның бірі жоғарыда айтып өткен жалғыз басты қарттар, қарттар үйі… Адамдар белгілі бір себептермен өз ата-анасын тастап кетеді. Бірақ, қандай себеп болса да ата-анамызды тастауға құқымыз жоқ. Біз ол кісілерге мәңгілік қарыздармыз. Одан бөлек әртүрлі заңгерлік, құқықтық, психологиялық кеңес беру кезінде адамдардың білімінің төмендігін аңғарып жатамыз. Және сол үшін еш қысылмайтындығын көреміз. Әрбір адам сауатты, білімді болуға ұмтылу керек. Білгенін үйретіп, білмегеніңді үйренуге тырысу қажет.

Менің волонтерлік жұмысым медицинаны және де адамдардың медицина саласына деген ойын түсінуіме әсер ете алды. Қазіргі уақытта адамдар «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді ұстанбайды. Демек, ауырып бар күш-жігері таусылғанша дәрігерге қаралмайды, кеңес алмайды. Осының әсерінен ауруы асқынып жатады. Кейін келіп еліміздегі медицина саласының төмендігін айтып, наразылық білдіреді. Әрбір адам денсаулығының жақсы болғанын қаласа дұрыс тамақтану, салауатты өмір салтын ұстану, денсаулықты күту деген секілді басты қағидаларды ұстану қажет».

Болашақта Расул өзінің кәсіби қызметін жастар саясатымен байланыстырғысы келеді.

«Мен білім мен еңбекті, өнер мен мәдениетті, волонтерлік қызмет пен қоғамдық белсенділікті өз бойымда ұштастырып келемін. Кемел ойы мен үлкен күш жігерінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізген ата-бабаларымыздың саралап салған сара жолымен, дара жолымен жүріп, еліміздің дамуына үлес қоса білсек, еліміз одан әрі шарықтап, дамудың даңғыл жолына жететініне кәміл сенемін. «Қырандай күшті қанатты, Мен жастарға сенемін!», - деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай, Мағжан сенген жастардың қатарынан болайық!»

Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлердің рөлі баға жетпес. Олардың құндылы әсіресе пандемия уақытында ерекше көрінді. Олардың шын жүректен игі жұмысы мен адалдығы қоғамдық денсаулықты нығайтуға, көптеген адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға және гуманитарлық қоғам құруға ықпал етеді. Волонтерлерді ынталандыру және қолдау арқылы біз барлығына сау және гүлденген болашақ құруға алғашқы қадам жасаймыз.

 

Авторы: Александра Крашинина

@alexandra.krashinina

 

Last news
17.10.2024 168 0
Астанада волонтерлік бойынша тренерлерге арналған үш күндік семинар-тренинг өтіп жатыр
Read more
09.10.2024 474 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына онлайн дауыс берудің бірінші кезеңінің нәтижелері жарияланды
Read more
07.10.2024 454 0
Игі істер марафоны 2024» аясында 7 қазан - 15 қазан аралығында Жануарларды қорғауға арналған мейірім апталығы басталғанын хабарлаймыз!
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена