Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Волонтерлер тасқыннан зардап шеккендерге құжат жинауға көмектеседі

Волонтерлер тасқыннан зардап шеккендерге құжат жинауға көмектеседі

04.04.2024 780 0

Елімізде су тасқыны салдарынан 17 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Мыңдаған адам баспанасынан айырылды. Оларға бір айдың ішінде тиісті құжаттарын жинап, баспаналарын қалпына келтіру керек. Енді көмекке мұқтаж азаматтар волонтер-заңгерлердің қызметіне жүгіне алады.

Шолпан Ақзамбекқызы - медиатор, қаржылай кеңесші әрі заңгер. Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың құжаттарын қалпына келтіру, өтемақы алуға көмек қолын созар заңгерлер қажет деген хабарламаны көріп, назардан тыс қалдырмады. 54 жастағы елорда тұрғыны, әсіресе төтенше жағдай кезінде жедел жұмыс істеуге дағдыланған маман.

Шолпан Шалғазина, медиатор:

90-шы жылы Зайсанда болған жер сілкінісіне қатысқанмын. Штабта жұмыс істегенмін. Шығыс Қазақстан облысында тоже осындай тасқындарда штабта жұмыс істегем. Сол тәжірибемді осы қазір көп қиналып жатқан халықтарға көмектескім келеді. Мен жалғыз ғана емеспін. Бүгін жұмыста барлығына айтып едім. Көмектесетін адамдар көп, құлшыныс білдіріп жатыр.

Волонтёр-заңгерлер қатарына қосыламын деушілер болса, экрандағы телефон нөміріне хабарласуға болады. Бұл - Ұлттық волонтерлік желінің байланыс нөмірі мен әлеуметтік желідегі парақшасының атауы. Апатқа байланысты қаржылай немесе баспана құжаттарын реттеуге қатысты мәселелер осы ұйым өкілдерінің сүйемелдеуіменжүзеге асырылады.

Гүлжәмилә Қамарова, ұлттық волонтёрлік желі департаментінің басшысы:

Тасқыннан зардап шеккен тұрғындардың әкімдікке өткізуі қажет құжаттарды реттеу, ол адамдарға заңгерлік кеңес беру, құжаттарын тексеру, сүйемелдеу сияқты жұмыстардың бәрін волонтёр заңгерлермен бірлесіп онлайн жұмыс істейміз. Мұның барлығы уақытты үнемдеу мен сауатты көмек көрсету мақсатында қолға алынып отыр. Заңгерлер де Қазақстанның кез келген бұрышынан көмек қолын соза алады.

Зардап шеккен аймақ тұрғындарына дәрі-дәрмек пен көрпе-төсек қажет

Еліміздегі волонтерлік ұйымдар қазір сондай-ақ топан судан залал шегіп отырған отандастарымызға гуманитарлық көмек жіберумен айналысып жатыр. Астанадағы волонтерлік ұйым өкілдерінің айтуынша, киім-кешек жеткілікті. Көмек көрсеткісі келетін жандар күнбағыс майы, макарон, консервілер сияқты бұзылмайтын азық-түлік өнімдерін әкелгені жөн дейді.

Сұлтан Өмірғалиев, «Астана жастары» ресурстық орталығының маманы:

Азық-түлік, резеңке етік, көрпе, төсек жабдықтары бізге ең қажетті болып жатқаны. Су тасқыны болғаннан кейін су салқын Ауа райы да қолайсыз болғандықтан кейін температуралары көтеріліп деген сияқты.  Осыны Астана қаласының тұрғындарынан көмектесуін сұраймыз.

Қаракөз Тұрмағанбет, тілші:

Қызыл судан зардап шеккен аймақтарға Астанадан 14 газель гуманитарлық көмек жөнелтілген. Жалпы, еліміздің түкпір-түкпірінен азық-түлік пен керек-жарақтың 100 тоннаға жуығы су басқан өңірлерге жеткізілді.

 

Авторы: Қаракөз Тұрмағанбет

Дереккөз: https://qazaqstan.tv/news/191482/


Last news
02.05.2024 141 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Read more
26.04.2024 943 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Read more
22.04.2024 2867 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена