Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Таразда халықаралық волонтерлер конференциясы өтіп жатыр

Таразда халықаралық волонтерлер конференциясы өтіп жатыр

10.04.2025 2430 0

Тараз қаласында «Жаһандық диалог шеңбері» халықаралық волонтерлер конференциясы басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оған Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 70 волонтер келіп, қатысты.
Аталмыш конференцияны Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдап, Ұлттық волонтерлер фронт-кеңсесі ұйымдастырды.

Іс-шараға қатысушылар волонтерлік саладағы кейстерді бөлісіп, тәжірибе алмасты және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында волонтерлер тұрақты даму жолында Халықаралық волонтерлер жылын өткізу бойынша жаңа бастамалар ұсынды.

Естеріңізге сала кетейік, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен БҰҰ Бас Ассамблеясы 2026 жылды Халықаралық волонтерлер жылы деп жариялады. 

Дереккөзі: https://el.kz/ru/volontery-iz-shesti-stran-sobralis-v-taraze_400019733/

 

Last news
29.09.2026 3374 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Read more
26.09.2026 3175 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Read more
21.09.2026 2626 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена