Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Волонтерлер автобустарда экология тақырыбында дәріс оқып жүр

Волонтерлер автобустарда экология тақырыбында дәріс оқып жүр

07.11.2025 978 0

Ақтауда волонтерлер автобустарда экология жөнінде дәріс оқуды бастады, деп хабарлайды «24KZ». Жолаушыларға күнделікті қарапайым әдеттердің қаланы таза ұстауға қалай көмектесетіні түсіндіріледі.

Әр дәріс экоактивистердің қатысуымен қызықты әрі пайдалы диалог түрінде өтеді:
олар қарапайым тілмен сөйлеп, күнделікті өмірден мысалдар келтіреді. Ұйымдастырушылардың пікірінше, таза қала – әр адамның санасынан басталады.

Дәрістер сериясы «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатыр. Экологиялық ағартушылық айдың ортасына дейін жалғасады. Жоспарда – барлық қалалық бағыттарды қамту бар.

Женіс Енболатұлы, волонтер:

«Біз адамдарға қарапайым әдеттердің – қоқыс тастамау мен суды үнемдеудің – қаланы жақсартуға қалай көмектесетінін түсіндіреміз. Көпшілігі қызығушылық танытып, сұрақтар қояды, өз ойларымен бөліседі. Біз: тек бірігіп әрекет еткенде ғана Ақтауды таза әрі жайлы қалаға айналдыра алатынымызға сенеміз».

Дереккөзі: https://24.kz/ru/news/ekologiya/738868-volontjory-chitayut-lektsii-po-ekologii-v-avtobusakh

Last news
10.09.2026 77 0
Read more
07.09.2026 543 0
The Call for Entries for the International «Volunteer of the Year» Award Is Now Open
Read more
19.08.2026 2280 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена