Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News ВОЛОНТЕРЛІК - ҚОҒАМ ІЗГІЛІГІ

ВОЛОНТЕРЛІК - ҚОҒАМ ІЗГІЛІГІ

29.05.2025 539 0

Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының және Ақтөбе облысы волонтерлік фронт-офисінің ұйымдастыруымен «VOLUNTEER SCHOOL- 2025» 5 КҮНДІК ОБЛЫСТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ ӨТТІ.

Жоба - Жастар арасында волонтерлік мәдениетті қалыптастыру, белсенді жастарды қоғамдық шараларға тарту мақсатында ұйымдастырылған облыстық жобаның ашылуында Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Самғат Артыгалин жастар арасында қоғамдық қызметке тарту жұмыстарының жүйелі түрде жүргізілуде екенін алға тартып, волонтерларға ел алғысына бөленер азамат болуларын тіледі.

Жалпы жобаға 50 жас қатысуда. Олар қаламыздағы білім ордаларынан таңдалынып алынған белсенді жастар. Жоба барысында жастар волонтерлік қызметтің төрт бағыты: медициналық бағыт, әлеуметтік бағытэко – волонтерлік бағытқұқық бұзушылықтың алдын алу бағыттары бойынша теориялық және тәжірибелік жұмыстарға қатысады.

Ашылу салтанатында сонымен қатар, облыстық волонтерлар кеңесінің төрағасы – Нұрбек Жалғасбаев пен «Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ -ның волонтерлік қызмет бойынша сертификатталған тренері, Ansar Volunteer тобының координаторы әрі жетекшісі – Еркебулат ТагановАқтөбе өңіріндегі волонтерлік қызметтің өркендеуі мен өсуі, волонтерлік дегеніміз не, волонтер деген кім, ол не үшін керектігін және волонтерліктің қанша түрі бар  екені туралы кеңінен ақпараттық – түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ақтөбе студенттері Альянсының төрағасы - Темірлан Алдажаров жеке брендті қалай қалыптастыруға болатындығы жайында ақпарат берді.

Жобаның Бірінші күні: Бірінші бағыт – Медициналық бағыт. волонтерларға «Гиппократ» волонтерлік тобы Медициналық волонтерлік қызмет бағытында  алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, «Jan ahual» психологиялық қолдау орталығымен танысып, психологиялық тренингтерге қатысты.

Жобаның екінші күні: Екінші бағыты - Әлеуметтік волонтерлік қызмет. Жоба барысында өңірімізде әлеуметтік волонтерлік қызметтің өркендеуіне, қарқынды дамуына үлес қосып жүрген ЖҚҚ «Фонд помощи продуктовая корзина» басшысы - Айзада Балмагамбетова мен «Жүректен жүрекке» волонтерлік тобының жетекшісі - Әлішер Садық көмекке мұқтаж жандарға көрсетілген қайырымдылық істер туралы сөз қозғап, өз тәжірибелерімен бөлісіп, елдің игілігі үшін қызмет етуге шақырды. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды. Сонымен қатар, волонтерлар «Фонд помощи продуктовая корзина» жеке қайырымдылық қорының қоймасына барып, мұқтаж жандарға таратылатын киім-кешектерді жинастырып, қолғабыс етті.

Жобаның үшінші күні: Үшінші бағыты - Эко - волонтерлік қызмет. Жоба барысында өңірімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үлес қосып, жастарды экологияны қорғауға шақырып жүрген «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының басшысы - Нұржан Шаңғытпаев пен «Эco Madeniet» жастар қозғалысының президенті - Гүлназ Теңдік экологияға жанашырлық танытуды, қоқысты сұрыптау мәдениетін қалыптастыруды ұсынды. Жастарды табиғатты пластиктен, шыныдан және алюминий банкілерінен тазарту жөніндегі акцияларға белсенді қатысуға шақырды. Сонымен қатар, қоқыстарды қайта қалай өңдеу керектігін тәжірибелік жұмыстар арқылы көрсетті. Сондай - ақ, жастар арасында «Таза Қазақстан» республикалық акция аясында эко батл ұйымдастырылып, «Ислам» бұлақ аумағы қоқыстардан тазарды.

Жобаның төртінші күні: Төртінші бағыты - құқықбұзушылықтың алдын алудағы волонтерлік қызмет. «Жас сақшы» қоғамдық бірлестігінің мүшелері Тоғжан Абужанова, Жанелла Каспаганбетова мен Астана ауданы Әкімдігі жаңындағы Кәмелетке толмағандар және олардың олардың құқығын қорғау ісі жөніндегі комиссия мүшесі -  Али Тукашев құқық бұзушылық әрекеттерін байқағанда қалай әрекет ету керектігі туралы ой бөлісіп, патриотизм сезімін оятып, заңға құрметпен қарауды және өз елін, қоғамын қорғауға дайын болу керектігі туралы сөз қозғады. Сонымен қатар, Ақтөбе қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің аға прокуроры - Жүніс Жеңісұлы нашақорлық пен есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстар жүргізді. Жастар Ақтөбе қаласының полиция басқармасы, Жедел басқару орталығына барып, полиция қызметкерлерінің жұмысымен етене танысты.

Жобаның бесінші күні«VOLUNTEER SCHOOL - 2025» ОБЛЫСТЫҚ ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ.

11 сәуір жобаның соңғы күні жастар ортасында берік достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында тимбилдинг ұйымдастырылып, интеллектуалды және спорттық ойындар ойнатылды.

Сондай-ақ, қаржылық сауаттылықтарын арттыру мақсатында ҚаржыMAN жобасының авторы - Жоламан Асанұлы семинар - тренинг өткізді. «ТezTap Aktobe» ұжымы көңілді зияткерлік ойындар ойнатты.

Жоба соңында орталық басшысы Самғат Жанболатұлы мен Ақтөбе облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының маманы - Ержан Сарсенов волонтерлік қызметтің адам өміріне енгізетін оң нәтижелерін айтып, волонтерларға ел алғысына бөленер азамат болуларын тіледі.

Қорытындылау кешінде жастарға сертификат пен естелік сыйлықтар табысталды.

Last news
29.05.2025 538 0
ВОЛОНТЕРЛІК - ҚОҒАМ ІЗГІЛІГІ
Read more
28.05.2025 3280 0
Корпоративтік волонтерлердің қатысуымен Атырау облыстық балалар ауруханасында «Bala space» коворкинг аймағы ашылды!
Read more
26.05.2025 1193 0
Корпоративтік волонтерлік – компания мәдениетінің бір бөлігі: Меруерт Бигимбаевамен сұхбат
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена