Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ «ВОЛОНТЕРЛЕР ФОРУМЫ» ӨТТІ

АСТАНА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА БАҒЫТЫНДАҒЫ НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІНДЕ «ВОЛОНТЕРЛЕР ФОРУМЫ» ӨТТІ

27.02.2025 1431 0

21 ақпан күні Астана қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Еріктілер форумы» өтті.

UNICEF, Astana Jastary, Jasulan, Ұлттық еріктілер желісінің және т. б. ұйымдардың белсенді еріктілері кеш спикерлері ретінде сахна төрінде сөз сөйлеп, өздерінің ойлары мен ұсыныстарын білдірді. Форумда волонтерлік қызметтің түрлі бағыттарына басты назар аударылды.

Сондай-ақ жиында әлеуметтік белсенділік мәселелері және оның келесі тармақтар бойынша бере алатын тәжірибесі талқыланды: * Қабылдау жағдайлары * Шетелдік тағылымдамалар * Еріктіліктің әртүрлі бағыттары * Волонтерлық жұмыстың ең қызықты бөліктері және аталған қызметтің маңыздылығы. Іс-шара барысында біздің оқушылар елордамыздың өзге мектептерінен келген қатысушылармен танысып, тәжірибе және идеялармен алмасып жағымды эмоциялар алды.

Дереккөзі: https://schools.nis.edu.kz/school/astphm/news/52

Last news
29.09.2026 3243 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Read more
26.09.2026 2981 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Read more
21.09.2026 2521 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена