Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Астанада волонтерлер Есіл өзенінің жағасын қоқыстан тазартты

Астанада волонтерлер Есіл өзенінің жағасын қоқыстан тазартты

03.08.2025 940 0

Астанада еріктілер Есіл өзенінің жағасын қоқыстан тазартты, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Бұл іс-шара «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» ауқымды экоакциясы аясында өтті. Іс-шараны Тәжірибешіл экологтар қауымдастығы ұйымдастырып отыр. Сондай-ақ тазалық жұмысын жүргізуге «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының 20-дан астам белсенді еріктісі қатысты.

«Елорданың осы қоғамдық орындарында серуендеген кезде тазалық жұмысын жүргізу қажеттігін білдік. Содан бүгін еріктілермен бірге айналаны күл-қоқыстан тазарттық. Бірнеше сағат ішінде 20-дан астам қапшық қоқыс жиналды. Өздеріңізге мәлім, мұнда балық аулаушылар көп келеді. Олар өзен маңында қоқыс контейнерлері болмағандықтан, заттарын тастап кетеді.

Сондықтан бұл аймаққа қоқыс тастауға арналған контейнерлерді көбірек орналастыру қажет. Бүгінгі іс-шараға қатысқан еріктілерге де алғысымды білдіремін», - деді Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы Лаура Маликова.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы былтыр көктемде бастау алған. Осылайша ол бүкіл ел аумағында жалғасқан кең ауқымды шараға айналды. Аталмыш акция елорда өмірінің ажырмас бөлігіне айналып отыр. Осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақты экологиялық мәдениетке баулуға болады.

Дереккөзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1044843?lang=kk

Last news
31.03.2026 37 0
Волонтерлер Түркістан облысында тасбақаларды құтқаруда
Read more
30.03.2026 53 0
Қоғамның волонтерлік салаға сенім деңгейін бағалау
Read more
30.03.2026 54 0
ҚТЖ корпоративтік волонтерлігі: қызметкерлердің қоғамға қосқан үлесі
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена