Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Астанада АӨСШК волонтерлерінің слеты басталды!

Астанада АӨСШК волонтерлерінің слеты басталды!

03.10.2024 528 0

Бүгін Астанада АӨСШК Жастар кеңесінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіне (АӨСШК) мүше елдердің волонтерлік қозғалыстары көшбасшыларының слеті басталды.

🌍 Жиынға Қырғызстан, Ресей, Шри-Ланка, Қытай, Өзбекстан, Әзербайжан, Иран, Таиланд, Тәжікстан, Бахрейн және т.б. сияқты 21 елден 450-ден астам делегат қатысуда. Олар волонтерлік қызметтің негізгі мәселелерін және оның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі рөлін талқылады. 💬

🤝 Слеттің бірінші күні аясында «Қоғамдағы волонтерлік қызметтің маңыздылығы: Азия елдерінің тұрақты дамуына жәрдемдесудегі волонтерлік қызметтің рөлін талқылау» тақырыбында АӨСШК Жастар кеңесінің отырысы өтті. Онда мәдениетаралық диалогқа және қатысушы елдер арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше назар аударылды.

🌱 Слет сессияларында «Әлеуметтік және инклюзивті волонтерлік», «Зияткерлік волонтерлік: инновациялық тәсілдер және халықаралық тәжірибе», «Денсаулық сақтау саласындағы волонтерлердің рөлі», «Төтенше жағдайлардағы волонтерлік қызмет», сондай-ақ «Волонтерлердің экологиялық проблемаларды шешуге қосқан үлесі» тақырыптары талқыланды.

📝 Бірінші күннің қорытындысы бойынша қатысушылар АӨСШК кеңістігінде волонтерлік қызметті дамыту бойынша бірлескен ұсынымдар әзірлеуге кірісті.

 Іс-шара 4 қазанда жалғасады. Онда қатысушылар ынтымақтастықты кеңейту және волонтерлік қызметте тәжірибе алмасу бойынша алдағы қадамдарды талқылайды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Last news
09.10.2024 364 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына онлайн дауыс берудің бірінші кезеңінің нәтижелері жарияланды
Read more
07.10.2024 393 0
Игі істер марафоны 2024» аясында 7 қазан - 15 қазан аралығында Жануарларды қорғауға арналған мейірім апталығы басталғанын хабарлаймыз!
Read more
03.10.2024 520 0
Астанада АӨСШК волонтерлерінің слеты басталды!
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена