Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Алматыда волонтерлер «Бір тамшы қан – бір өмір» қайырымдылық акциясын өткізді

Алматыда волонтерлер «Бір тамшы қан – бір өмір» қайырымдылық акциясын өткізді

09.09.2025 695 0

Алмалы ауданынының комьюнити орталығында «Qamqor Charity» қоғамдық қоры Республикалық қан орталығымен бірлесіп «Бір тамшы қан – бір өмір» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – донорлық мәдениетті дамыту, ерікті түрде қан тапсыруды насихаттау және адам өмірін сақтауға үлес қосу.

Акцияға қоғамдық кеңес мүшелері, волонтерлер, қала тұрғындары және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты. Соның нәтижесінде 200-ден астам донор өз еркімен қан тапсырып, науқастардың сауығып кетуіне үлес қосты.

«Бұл акцияның басты құндылығы – қоғамда донорлық мәдениетті қалыптастыру. Әрбір тамшы қан адам өмірін құтқара алады. Волонтерлер мен белсенді азаматтардың мұндай бастамаларға қатысуы олардың азаматтық жауапкершілігі мен өзара қолдаудың айқын көрінісі. Алдағы уақытта мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп, мұқтаж жандарға үміт сыйлауды жалғастырамыз», – деді «Qamqor Charity» қорының жетекшісі Бағдат Анарбаева.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай акциялар алдағы уақытта да жалғасып, Алматы жастары арасында донорлық мәдениетті дамытуға серпін бермек.

Дереккөзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1064601?lang=kk

Last news
29.09.2026 3374 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Read more
26.09.2026 3175 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Read more
21.09.2026 2626 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена