Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News «Зооволонтерлікті дамыту», « Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту» және «Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде экологиялық волонтерлікті дамыту» басым бағыттары бойынша шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындылары

«Зооволонтерлікті дамыту», « Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту» және «Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде экологиялық волонтерлікті дамыту» басым бағыттары бойынша шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындылары

18.05.2026 1622 0

Ұлттық волонтерлік желі Қазақстандағы волонтерліктің үш басым бағыты бойынша шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындыларын шығарды. Конкурстар азаматтық белсенділікті дамытуға, волонтерлер үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды қолдауды мақсат етеді.

 

«Зооволонтерлікті дамыту» басым бағыты

Конкурсқа 56 өтінім түсті. Техникалық сараптама қорытындысы бойынша 52өтінім талаптарға сәйкес деп танылып, сарапшылар комиссиясының бағалауына жіберілді. 

 

«Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту» басым бағыты

Конкурсқа 68 өтінім келіп түсті. Техникалық сараптама нәтижелері бойынша 58өтінім іріктеуден өтіп, сарапшылар комиссиясының бағалауына жолданды. 

 

«Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде экологиялық волонтерлікті дамыту» басым бағыты

Конкурсқа барлығы 86 өтінім берілді, олардың ішінде 72 өтінімд белгіленген талаптарға сәйкес деп танылып, сарапшылардың бағалауына жіберілді. 

 

Осылайша, барлық үш конкурс келесі кезеңге – сарапшылар комиссиясының бағалауына өтті. Комиссия жұмысының нәтижесінде 26 мамырда жеңімпаздар анықталып, олардың жобалары шағын гранттар конкурсы аясында қолдау табады.

 

Әр бағыт бойынша хаттамалар мәтінімен төмендегі сілтеме арқылы таныса аласыз: https://drive.google.com/drive/folders/1t2CWSPUECzLzyftN3YzwdJcQuTwqV3eN?usp=sharing  

Last news
22.07.2026 3128 0
Қазақстанның үкіметтік емес волонтерлік ұйымдарының деректерін жаңарту жүргізілуде
Read more
17.07.2026 1918 0
Ұлттық волонтерлік желіде Шанхай қаласының Әлеуметтік жұмыс департаментінің делегациясымен кездесу өтті
Read more
15.07.2026 2193 0
СҚО-да 10 мыңнан астам волонтер бар
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена