Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Шабыт сыйлаған синергия!

Шабыт сыйлаған синергия!

13.05.2025 544 0

Бүгін Maqsut Narikbayev University қабырғасында көптен күткен кездесу — БҰҰ Еріктілер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбановтың сапары және волонтерлермен мазмұнды диалог өтті.

ҚР-ның Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық волонтерлік желі ұйымдастырған іс-шара азаматтық қоғам, мемлекеттік органдар мен волонтерлік ұйымдардың өкілдерін бір арнаға тоғыстырды. Кездесудің басты тақырыбы – волонтерлік қызметтің Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы рөлі мен оның Қазақстанда одан әрі дамуының келешегі болды.

Кездесу барысында спикерлер Қазақстандағы волонтерліктің жоғары рөлін атап өтіп, бұл бағытты әрі қарай тереңдетіп, кеңейту қажеттігін ерекше белгіледі. Әсіресе, нақты салаларға бағытталған — салалық волонтерлікке баса назар аударылды. Бұл медицина, әлеуметтік қолдау немесе корпоративтік тәлімгерлік сияқты нақты салалардағы мәселелерге дәлірек әрі тиімді жауап беруге мүмкіндік береді.

Кездесу барысында волонтерлік қызметке деген қоғамның сенім деңгейін талқылауға ерекше көңіл бөлінді. Ұлттық волонтерлік желінің сарапшысы Татьяна Шолудько Қазақстандағы волонтерлік қызметке деген қоғамдық сенім деңгейін бағалау нәтижелерін ұсынды. Өз сөзінде ол қоғамның волонтерлерге деген сенімі кез келген әлеуметтік бастаманың сәттілігінің негізгі факторларының бірі екенін атап өтті.

Келген, сұрақ қойған және өз тарихымен бөліскен барлық қатысушыларға үлкен рақмет! Волонтерлік — бұл жай ғана көмек емес, бұл бірге жарқын болашаққа қадам басу жолы екеніне нық сенеміз.

Ұйымдастырушылар кездесу іс-шарасын жоғары деңгейде өткізуге, тиімді диалог пен тәжірибе алмасуға қолайлы жағдай жасағаны үшін Maqsut Narikbayev University @mnu.kz ұжымына жедел әрі кәсіби қолдауы үшін ерекше алғыс білдіреді ❤️

@qazvolunteer.kz

Last news
08.12.2025 137 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Read more
06.12.2025 126 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Read more
05.12.2025 167 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена