Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс жалғасуда

Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына конкурс жалғасуда

29.07.2025 538 0

2025 жылғы 26 маусымнан 27 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды жалғастыруда.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы ғылым, шығармашылық, қоғамдық қызмет салаларында жемiстi еңбегімен көзге түскен, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін дарынды жастарды мемлекет тарапынан қолдау мақсатында табысталады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.

Конкурсқа Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтары қатыса алады. Олар халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдер мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, сондай-ақ аталған салалар мен тұтастай қоғамды дамытуға ықпал еткен үміткерлер болуы қажет.

«Дарын» жастар сыйлығына үміткерлерді орталық, жергiлiктi және өзге де мемлекеттік органдар, қоғамдық бiрлестiктер және Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген өзге де заңды тұлғалар ұсынады.

Жеңімпаздарға «Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты» атағы беріледі және олар дипломмен, төсбелгілермен сондай-ақ қаржылай сыйлықпен марапатталады.

«Дарын» жастар сыйлығы 1992 жылы тағайындалған. Содан бері аталған сыйлықты түрлі саладағы 360-тан астам азамат иеленді.

Конкурсқа қатысуға құжаттар  2025 жылғы 26 маусымнан 27 тамыз аралығында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі (қағаз нұсқада)  мына мекенжай бойынша қабылдайды: Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі» ғимаратының 14-кіреберісі.

Ал электрондық нұсқаны premiya.daryn@mki.gov.kz поштасына жолдауға болады.

Анықтама телефондары: 8 (7172) 74-05-25, 8 (7172) 74-18-43, 8 701 170 46 54(жұмыс күндері, сағ. 9:00-ден 18:30-ға дейін).

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының қағидасы:https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/documents/details/861853?lang=kk

ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігінің баспасөз қызметі 

Last news
13.11.2025 159 0
Игі істер марафонына қосылыңыздар!
Read more
07.11.2025 508 0
Волонтерлер автобустарда экология тақырыбында дәріс оқып жүр
Read more
05.11.2025 3567 0
How Volunteering Develops Emotional Intelligence
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена