Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

02.09.2025 74 0

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталғанын жариялайды.

Бұл сыйлық волонтерлер қозғалысын дамытуға, әлеуметтік және қоғамдық маңызды мәселелерді шешуге зор үлес қосқан қазақстандық және халықаралық волонтерлерді, волонтерлік топтар мен ұйымдарды ынталандыру және қолдауға бағытталған.

Сыйлық шынайы жанкештілікпен көмек көрсетіп жүрген, табиғатты қорғауға, білім мен мәдениетті дамытуға, төтенше жағдайлардың салдарын жоюға атсалысқан волонтерлерді анықтап, оларды марапаттау мақсатында тағайындалды.

Аталмыш сыйлық 15 номинация бойынша табысталады:

1. Үздік волонтерлік ұйым

2. Корпоративтік волонтерліктің көшбасшысы

3. Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшысы

4. Үздік әлеуметтік көмекші

5. Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін

6. Із-түссіз жоғалған адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін

7. Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін

8. Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін

9. Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін

10. Білімді дәріптеуге қосқан үлесі үшін

11. Қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға қосқан үлесі үшін

12. Бейбітшілік, достық және келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін

13. Тарихи-мәдени мұраны сақтау мен дамытуға қосқан үлесі үшін

14. Жануарларды қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін

15. Әлеуметтік мәселелерді шешуге қосқан үлесі үшін

Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 2 қыркүйектен бастап 21 қыркүйекке дейін «Qazvolunteer.kz» сайтында жүзеге асырылады.

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру ережелерін және қажетті құжаттар тізімін «Qazvolunteer.kz» немесе www.adilet.kz сайтынан көруге болады (Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 339 және 2022 жылғы 2 қарашадағы № 481 бұйрықтары).

📌 Сілтеме: http://10.61.42.188/rus/docs/V2000021420  

Қосымша ақпарат пен құжаттарды тапсыру тәртібі бойынша келесі байланыстар арқылы хабарласуға болады: +7 (7172) 740311, 741332, volunteer@mki.gov.kz 

 ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Last news
02.09.2025 71 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды
Read more
30.08.2025 4095 0
«Кішкентай тасбақа өмірімді өзгертті»: эковолонтер Дана Ахметжанова
Read more
25.08.2025 1999 0
«Жақсылық адамдарды біріктіреді»: корпоративтік волонтер Байдүйсен Жұлдызаймен сұхбат
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена