Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының финалистері анықталды

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығының финалистері анықталды

17.10.2025 1782 0

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын табыстауға арналған конкурстың алғашқы кезеңі аяқталды. Онлайн дауыс беруге 50 мыңнан астам адам қатысып, волонтерлерге қолдау көрсетті. Бұл – елімізде волонтерлік қозғалысқа қоғам тарапынан қызығушылықтың артып, азаматтық бастамаларға қолдау көрсету мәдениетінің нығайып келе жатқанын көрсетеді.

Онлайн дауыс беру қорытындысымен 15 номинацияның әрқайсысы бойынша үздік он үміткер іріктелді. Конкурстың келесі кезеңінде финалистер Конкурс комиссиясының сараптамалық бағалауынан өтеді.

5 желтоқсан – Халықаралық волонтерлер күніне орай Астана қаласында «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын табыстау рәсімі өтеді. Іс-шара барысында қоғам игілігі үшін аянбай еңбек етіп жүрген үздік волонтерлер марапатталып, жеңімпаздар жарияланады.

Дереккөзі: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

 

Last news
29.09.2026 3374 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Read more
26.09.2026 3175 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Read more
21.09.2026 2626 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена