Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Волонтерлерге арналған білім беру платформалары

Волонтерлерге арналған білім беру платформалары

07.07.2024 3386 0

Волонтерлік — бұл адамдарға көмектесу мүмкіндігі ғана емес, өзін-өзі дамыту және құнды тәжірибе алу мүмкіндігі. Қазіргі білім беру платформалары волонтерлерге өз дағдылары мен білімін жоғарлатуға мүмкіндік беретін көптеген курстар мен бағдарламаларды ұсынады.

Волонтерлерге арналған білім беру платформаларын көрелік:

edX — бұл Гарвард және Массачусетс техникалық университеттері ұсынатын платформа. Ол әртүрлі білім салалары бойынша курстар ұсынады және волонтерлерге ғылым, технология, өнер және т. б. білім алу мүмкіндігі береді.

Сілтеме: https://www.edx.org/

FutureLearn – платформа жетекші университеттердің және мекемелердің курстарын ұсынады. Волонтерлер қоғамдық денсаулық сақтау, психология, экология және т. б. курстарын оқи алады.

Сілтеме: https://www.futurelearn.com/

OpenLearn – Ашық университет дайындаған платформа әртүрлі тегін онлайн-курстарды ұсынады. Волонтерлер социология, тарих, экономика және тағы пәндерді оқи алады.

Сілтеме: https://www.open.edu/openlearn/

Agora оқу порталы – БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) қызметкерлеріне, серіктестеріне және қолдаушыларына жеке даму мүмкіндіктерін ұсынады.

Сілтеме: https://agora.unicef.org/

Осы тізімнен бір немесе бірнеше білім беру платформаларын таңдау арқылы волонтерлер білімдерін кеңейтіп, дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, волонтерлік қызметінде тиімдірек бола алады. Өйткені, волонтердің басты мақсаты — адамдарға көмектесу және өзін-өзі дамытуға ұмтылу.

Авторы: Александра Крашинина

@alexandra.krashinina

Last news
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Read more
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Read more
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена