Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Халықаралық волонтерлер күні: еріктілердің ТЖ алдын алуға және жоюға қосқан үлесі

Халықаралық волонтерлер күні: еріктілердің ТЖ алдын алуға және жоюға қосқан үлесі

05.12.2025 183 0

  Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жүйесінде волонтерлердің маңызды рөл атқаратынын атап өтеді. Бүгінде волонтерлер кәсіби құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге елеулі қолдау көрсетіп қана қоймай, әсіресе жастар ұйымдары арасында болашақ кадрлардың қуатты резерві болып табылады.

  Зілзалалар мен өзге де төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысып, бей-жай қарамайтын азаматтар халықтың өмірін сақтап қалуға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға елеулі үлес қосады. Олардың қатысуының арқасында жыл сайын мыңдаған адамға көмек көрсету мүмкін болып отыр.

  Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою саласындағы волонтерлік қызметті дамыту мақсатында ТЖМ волонтерлік ұйымдармен өзара іс-қимыл жүргізеді. Бүгінгі таңда 136 волонтерлік ұйыммен өзара ынтымақтастық орнатылып, шамамен 47 мың волонтер қызмет атқаруда.

  ТЖМ волонтерлік ұйымдармен бірлесіп келесі бағыттар бойынша жұмыс ұйымдастырады: стихиялық апаттар салдарынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге қатысу, гуманитарлық көмек көрсету, төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою, сондай-ақ хабар-ошарсыз жоғалған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары.

  Елдегі ірі төтенше жағдайлар волонтерлердің төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қатысуын реттеудің қажеттілігін көрсетті. Осыған байланысты ТЖМ төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы салалық волонтерлікті дамыту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

  Өткен жылы алғаш рет оқу-жаттығу полигоны базасында төтенше жағдайларға ден қою саласындағы республикалық волонтерлер форумы өткізілді.

  Сонымен қатар «ТЖ кезіндегі волонтерлік» атты панельдік сессиямен халықаралық волонтерлер форумына қатысу қамтамасыз етілді. Аталған Форум Қазақстанның ТЖ саласындағы волонтерлік тәжірибесін көрсетуге, ТЖМ-нің халықаралық аренадағы оң имиджін қалыптастыруға, сондай-ақ осы саладағы ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берді.

  2024 жылы волонтерлікті дамыту жөніндегі Жол картасы аясында Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаменті базасында ТЖ-ға ден қоятын мобильді волонтерлік топтарды құру бойынша Пилоттық жоба іске асырылды. Бұл топ үшін ТЖМ кәсіби авариялық-құтқару құралымдарын дайындаумен ұқсастығы бойынша дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді дайындау және тапсыру бағдарламасы әзірленді. Мұндай топтарды құру төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде волонтерлердің дағдылары мен білімдерін арттыруға және әртүрлі ТЖ кезінде стихиялық волонтерлікті қысқартуға мүмкіндік береді.

  Еліміздің әрбір өңірінде осындай мобильді волонтерлік топтар құрылатын болады. Мұндай жобаларды іске асыру төтенше жағдайлардың туындау қаупін төмендетудің және оларды волонтерлік көмек арқылы алдын алудың бір тәсілі болып табылады.

  Жоба 2024 жылы Астана қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес Жастар кеңесінің қамқорлығымен ұйымдастырылған волонтерлік қозғалыстар жетекшілерінің слетінде таныстырылды.

    Жыл сайын «Волонтерлік ұйымдардың жетекшілері мен үйлестірушілері» санаты бойынша шамамен 2 мың волонтер оқытудан өтеді.

  Сонымен қатар, волонтерлер белсенді түрде іздестіру-құтқару жұмыстары, шомылу маусымы, өрт қауіпті және жылыту кезеңдерінде үгіт-насихат жүргізу, сондай-ақ ТЖМ ұйымдастыратын түрлі акциялар мен іс-шараларға қатысу секілді практикалық жұмыстарға да жұмылдырылады.

  ТЖМ барлық волонтерлерге олардың орасан зор еңбегі, азаматтық белсенділігі және әрдайым көмекке келуге дайындығы үшін шынайы алғыс білдіреді.

Дереккөзі: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer/press/news/details/1120011?lang=kk

Last news
05.12.2025 0 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Read more
05.12.2025 177 0
Халықаралық волонтерлер күні: еріктілердің ТЖ алдын алуға және жоюға қосқан үлесі
Read more
05.12.2025 28 0
About International Volunteer Day: When Personal Initiative becomes a Global Force
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена