Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News «Мейірімділік мекені»: ұлттық жастар онкүндігінің бесінші күні мейірімділік пен қайырымдылыққа арнады

«Мейірімділік мекені»: ұлттық жастар онкүндігінің бесінші күні мейірімділік пен қайырымдылыққа арнады

08.08.2024 1560 0

«Мейірімділік мекені» ұлттық жастар онкүндігінің бесінші күні өтті. 

Барлық өңірлерде волонтерлік пен қайырымдылық мәдениетіне баулу мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар негізінен жалғызбасты зейнеткерлерге, көп балалы аз қамтылған отбасыларға, жетімдерге және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсетуге бағытталған. Мейірімділік жасау күнінде үйсіз қалған жануарлар да ұмыт қалған жоқ.

Мысалы, жастар ресурстық орталықтары «Мектепке жол» акциясы аясында мұқтаж отбасылардың балаларына оқу құралдарын сатып алып, оларға алдағы оқу жылына дайындауға көмектесті. 

Жалғызбасты қарт адамдардың үй жинап, оларға азық-түлік сатып алды. Жер үйде тұратындар үшін қысқа отын дайындалып, шатыры жөнделді.

Сондай-ақ жастар қайырымдылық жәрмеңкелері мен спорттық турнирлер ұйымдастырды.

Мейірімділік күнінде алты мың жас қазақстандықтар игі іс жасады.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Last news
19.08.2026 2066 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Read more
17.08.2026 2533 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Read more
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена