Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Қазақстанда игі істер марафоны басталды!

Қазақстанда игі істер марафоны басталды!

09.07.2024 1401 0

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық волонтерлер желісі» ЗТБ-мен бірлесіп, «Игі істер марафоны» жобасының басталғанын хабарлайды. Бұл бірегей жоба барлық қазақстандықтардың волонтерлік, қайырымдылық іспен айналысуына ықпал етеді.

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында халқымыздың қанына жанашырлық, қамқорлық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттер сіңгенін атап өтті.

Ұйымдастырушылар «Игі істер марафоны» халықтың жанашырлық қасиеттерін көпке насихат етіп, аталған сөздердің жарқын дәлелі болатынына сенім білдіреді.

Жоба аясында күнтізбедегі маңызды күндерге, халықаралық  және түрлі әлеуметтік және мәдени тақырыптарға арналған «Жақсылық апталығы» мен жыл сайынғы тақырыптық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Тақырыптар атауы жыл сайын өзгеріп отырады, бұл әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі салаларына қызығушылықты арттыра отырып, өзекті мәселелердің алуан түрлілігі мен кең ауқымын қамтиды. «Игі істер марафонының» осы аптасы экологияға арналады. Жобаға қатысу үшін жасаған игі іс туралы әлеуметтік желілерде ақпарат жариялап, Qazvolunteer.kz онлайн платформасында тіркеуден өту қажет.

Марафон қорытындысы бойынша, ең белсенді қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталады. Жобаға қатысу үшін толық ақпарат пен нұсқаулықты Qazvolunteer.kz сайтынан алуға болады және әлеуметтік желідегі @kz_nvs және @qazvolunteer.kz парақшаларынан таба аласыздар.

Дереккөзі: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Last news
08.12.2025 119 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Read more
06.12.2025 117 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Read more
05.12.2025 162 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена