Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Ұлттық волонтерлік желіде Шанхай қаласының Әлеуметтік жұмыс департаментінің делегациясымен кездесу өтті

Ұлттық волонтерлік желіде Шанхай қаласының Әлеуметтік жұмыс департаментінің делегациясымен кездесу өтті

17.07.2026 2040 0


Ұлттық волонтерлік желінің кеңсесінде Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласы Әлеуметтік жұмыс департаментінің делегациясымен ресми кездесу өтті.

Аталған департамент Шанхай қалалық Коммунистік партия комитетінің басшылығымен жұмыс істейтін және волонтерлік қызметті, әлеуметтік жұмысты және қоғамдық қатысуды дамыту мәселелерін үйлестіретін мемлекеттік орган болып табылады.

Кездесу барысында Ұлттық волонтерлік желінің өкілдері ұйым қызметінің негізгі бағыттарын таныстырып, жүзеге асырылып жатқан жобалар, әзірленген әдістемелік ұсынымдар және Қазақстандағы волонтерлік қозғалысты дамыту бағытында жинақталған тәжірибе туралы ақпарат берді. Сондай-ақ волонтерлік қызметті қолдаудың тиімді жүйесін қалыптастыру, волонтерлік инфрақұрылымды дамыту және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам ұйымдарымен өзара іс-қимылды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесудің маңызды тақырыптарының бірі – Қазақстан үшін тарихи оқиға болған волонтерлік туралы ережелердің Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілуі болды. Қытай делегациясының өкілдері Ұлттық волонтерлік желіні осы маңызды жетістікпен құттықтап, оның волонтерлік қозғалыстың институционалдық дамуына және азаматтық қоғамның рөлін нығайтуға қосатын үлесін жоғары бағалады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, үздік тәжірибелермен алмасуға және волонтерлік пен әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара қызығушылықтарын растады.

@qazvolunteer.kz


Last news
19.08.2026 2163 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Read more
17.08.2026 2618 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Read more
29.07.2026 3303 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена