Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Корпоративтік волонтерлік – өмір салты: Мырзабек Ахметов игі істер туралы

Корпоративтік волонтерлік – өмір салты: Мырзабек Ахметов игі істер туралы

06.05.2026 1137 0


Корпоративтік волонтерлік — бұл тек көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету ғана емес, сонымен қатар өз үлгің арқылы қоғамды жақсы жаққа өзгерту мүмкіндігі. «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері еліміздің түкпір-түкпірінде әлеуметтік, экологиялық және қайырымдылық бастамаларға белсенді түрде қатысады.

Волонтерліктің өмірінің маңызды бір бөлігіне қалай айналғаны, адамдарға көмектесудің не үшін шабыт сыйлайтыны және болашақта қандай жобаларды жүзеге асырғысы келетіні туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ Сервис департаментінің менеджері Мырзабек Ахметов айтып берді.


Сіз қандай ұйымда волонтерлік қызмет атқарасыз? 

Сәлеметсіз бе, мен Ахметов Мырзабек Абдуллаевич, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Сервис департаментінде менеджер болып жұмыс істеймін.

 

Сіз волонтерлікке қашан және қалай келдіңіз?

Мен волонтерлікпен 2023 жылдан бастап айналыса бастадым. Біз, ҚТЖ волонтерлері, осы уақыт ішінде Ақтөбедегі қарттар үйіне, Осакаровкадағы балалар үйіне бардық. Сондай-ақ «Самұрық-Қазына» жарыстарында волонтерлікке қатысамыз. «Таза Қазақстан» акциясы аясында 117-мектепте мектеп ауласына шырша отырғыздық. Қыста еңбек ардагерлеріне көмектесіп, аулалардағы қарды тазалаймыз, тыл және еңбек ардагерлеріне азық-түлік жеткіземіз, сондай-ақ зейнеткерлерімізді де назардан тыс қалдырмаймыз.

 

Сіз волонтерлік қызмет пен жұмысты қалай қатар алып жүре аласыз? Екі саланы да үйлестіргісі келетіндерге қандай кеңес берер едіңіз?

Егер адам ниет етіп, волонтерлікке шын ықыласпен кіріссе, уақыт әрдайым табылады. Бастысы – ҚТЖ-мен бірге игі іске басымдық беру, жақсылық жасау.

 

Сіздің ойыңызша, волонтерлік қызметіңіз қоғамға қалай әсер етеді?

Менің ойымша, біздің волонтерлік қызметіміз қоғамға үміт сыйлайды: ардагерлерге, ата-анасыз қалған балаларға достық пен қолдау береді және қоғамда қалыптасып келе жатқан болашаққа сенім ұялатады.

 

Қандай жобаны болашақта жүзеге асырғыңыз келеді?

Болашақта мен халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған волонтерлік жобаны жүзеге асырғым келеді.

Бұл жоба несие, қарыз және қаржылық тәуекелдермен жиі кездесетін, бірақ келісімшарттардың шарттарын және өз құқықтарын әрдайым толық түсіне бермейтін адамдарға арналатын еді.

Менің ойымша, қаржылық және құқықтық мәселелерді қарапайым әрі түсінікті түрде түсіндіру адамдардың ақпараттың жетіспеушілігінен жіберетін қателіктерін едәуір азайта алады.


Мұндай өмірлік ұстаным корпоративтік волонтерліктің тек акцияларға қатысу ғана емес, адамдарға шын ниетпен көмектесу және қоғамның дамуына үлес қосу екенін көрсетеді.

@qazvolunteer.kz 


Last news
30.05.2026 224 0
«Өзгенің қайғысына бейжай қарамау»: зооволонтер Светлана Жумабаевамен сұхбат
Read more
22.05.2026 1103 0
Әрбір үшінші қазақстандық экологиялық акцияларға қатысады
Read more
18.05.2026 1479 0
«Зооволонтерлікті дамыту», « Төтенше жағдайлардағы және ТЖ салдарын жоюдағы волонтерлікті дамыту» және «Таза Қазақстан» науқаны шеңберінде экологиялық волонтерлікті дамыту» басым бағыттары бойынша шағын гранттар конкурстарына өтінімдерді қабылдау қорытындылары
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена