Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Халықаралық волонтерлер жылы 200 мың қазақстандықты біріктірді

Халықаралық волонтерлер жылы 200 мың қазақстандықты біріктірді

22.06.2026 1877 0


Атап айтқанда, өткен жылмен салыстырғанда іс-шараларға қатысқан белсенді волонтерлер санының өсуі бойынша оң динамика байқалады. Олардың саны 200 мың адамға жетті.

Еске салайық, 2026 жыл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан Тұрақты даму мақсатындағы Халықаралық волонтерлер жылы болып жарияланды. Бұл бастама Қазақстандағы волонтерлер қозғалысының дамуына маңызды серпін берді.




Осы жыл аясындағы маңызды іс-шаралардың бірі – 23 сәуір күні Астана қаласында Өңірлік экологиялық саммит шеңберінде өткен «Волонтерлік және экологиялық іс-қимылдар» сессиясы болды. Аталған іс-шараға БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Хаолянь Сюй және Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Корея Республикасы, Жапония және Ауғанстаннан келген шамамен 200 қатысушы қатысты.

Сонымен қатар, волонтерлер қауымдастығының қатысуымен бірқатар ауқымды акциялар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, тарихи-мәдени нысандарды абаттандыруға бағытталған «Мәдени мұраны бірге сақтайық» акциясы, «Игі істер марафоны» ұлттық жобасының көктемгі кезеңі және «Таза жағалаулардың бірыңғай іс-қимыл күні» халықаралық акциясы өткізілді.


Сонымен қатар, жыл басынан бері шамамен 120 мың волонтер жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына қатысты.

Бүгінде Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасы бойынша 2030 жылға дейінгі волонтерлер қозғалысын дамыту тұжырымдамасы әзірленуде. Осы мақсатта еліміздің ірі қалаларында 250-ден астам белсенді волонтердің қатысуымен көшпелі фокус-топ отырыстары өткізілді. Нәтижесінде шамамен 120 ұсыныс пен ұсыным жиналды. Сондай-ақ экологиялық волонтерлікті дамыту бағдарламасы дайындалу үстінде. Бұдан бөлек, биыл республикада волонтерлікті дамыту жөніндегі ұлттық индекс пен волонтердің цифрлық паспорты енгізілетін болады.

Қазіргі уақытта Қазақстандағы волонтерлер қызметін Ұлттық фронт-офис үйлестіреді. Сонымен қатар өңірлерде 20 фронт-офис, бірыңғай call-орталық және 1200-ден астам жобаны әрі 3884 ұйымды біріктірген Qazvolunteer.kz онлайн-платформасы жұмыс істейді. Бүгінде 56 волонтерлік жобасы жүзеге асырылып, әрқайсысы 1 миллион теңге көлеміндегі 60 шағын грант берілуде.

БҰҰ Еріктілер бағдарламасымен бірлесіп, Алматы қаласындағы Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі БҰҰ Өңірлік орталығының базасында Азия волонтерлерін даярлау орталығын құру мәселесі пысықталуда. Сонымен қатар, толық қаржыландыру бағдарламасы аясында қазақстандық 5 волонтер халықаралық миссияларға жіберілді. Олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ және БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы жобалары бойынша Аргентина мен Қытайдағы халықаралық миссияларға қатысуда.

Дереккөз: 

https://www.kt.kz/rus/society/mezhdunarodnyy_god_volonterov_ob_edinil_200_tysyach_1377992641.html


Last news
25.06.2026 543 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Read more
24.06.2026 1126 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Read more
22.06.2026 1874 0
Халықаралық волонтерлер жылы 200 мың қазақстандықты біріктірді
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена