Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Қазақстандық делегация ТМД волонтерлерінің халықаралық форумына қатысады

Қазақстандық делегация ТМД волонтерлерінің халықаралық форумына қатысады

02.08.2024 1491 0

Қырғызстан Республикасының Ыстықкөл облысында ТМД мемлекеттер волонтерлерінің Халықаралық форумы өтіп жатыр.

Шолпан-Ата қаласында Қазақстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Ресей, Түркіменстан және Өзбекстаннан 120-дан астам қатысушы жиналды.

«Бұл – ТМД елдерінің волонтерлік ұйымдары арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған волонтерлік қызмет саласындағы тәжірибе мен білім алмасуға арналған бірегей алаң», –  деп атап өтті ҚР волонтерлерінің Ұлттық фронт-кеңсесі басшысы Айбек Досымбетов.

Естеріңізге сала кетейік, ТМД Мемлекет басшылары Кеңесінің шешімімен «2024 жыл – волонтерлер қозғалысы жылы» болып жарияланды. Бір жыл ішінде аталған елдерде жүзден астам акция, кездесу, конференция, зерттеу және т. б. іс-шаралар жоспарланған.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Last news
19.08.2026 2066 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Read more
17.08.2026 2533 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Read more
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена