Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News «Игі істер марафоны» апталығы қарттарға көмек көрсетуге арналады

«Игі істер марафоны» апталығы қарттарға көмек көрсетуге арналады

23.09.2024 1627 0

🗓️ 23 қыркүйек пен 1 қазан аралығында Қарттар күніне арналған үшінші «Мейірімділік апталығы» өтеді.

📍 Естеріңізге сала кетейік, 9 шілдеден бастап Қазақстанда мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрбір қазақстандықтың жеке қатысуы арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетін дамытуға бағытталған «Игі істер марафоны» жобасы басталды.

 Сондай-ақ, www.qazvolunteer.kz платформасында «Мейірімділік көрсеткіші» тетігі орналастырылды. Ол «игі істердің» жалпы санын есептейді.

Бүгінгі таңда қазақстандықтар 2045 игі іс жасаған. Жалпы, іс-шараларға ел бойынша 24 мыңға жуық адамы қатысты.

📌 Марафон 1 желтоқсанға дейін жалғасады. Желтоқсан айында белсенді қатысушыларды «Ең мейірімді өңір», «Ең мейірімді ұжым», «Ең мейірімді оқу орны», «Ең мейірімді ауыл» секілді 10 номинация, соның ішінде марафонды ақпараттандыруға белсенді қатысқан БАҚ өкілдері үшін де арнайы номинация бойынша салтанатты марапаттау рәсімін өткізу жоспарлануда.

«Игі істер марафоны» жобасына қатысу үшін толық ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады: https://qazvolunteer.kz/kk/articles/schetchik-dobra-po-marafonu-dobrykh-del

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Last news
26.02.2026 59 0
Жүрекпен тоқылған жылу: күміс волонтер Елена Коробкованың оқиғасы
Read more
23.02.2026 50 0
Волонтерлік және технологиялар: заманауи технологиялар волонтерлерге волонтерлік қызметті ұйымдастыруда қалай көмектесе алады
Read more
18.02.2026 144 0
Іс жүзіндегі әлеуметтік жауапкершілік: корпоративтік менеджерден белсенді волонтерге дейінгі жол
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена