Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Экологияны қорғау мақсатында «Автокөліксіз күн» акциясы өтеді

Экологияны қорғау мақсатында «Автокөліксіз күн» акциясы өтеді

18.07.2024 1559 0

«Birgemiz: Taza Alem» жалпыұлттық жобасын іске асыру шеңберінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Автокөліксіз күн» челленджі ұйымдастырылады.

Жоба жеке көліксіз жүріп, ауаның ластануын, улы газдардың бөлінуін азайтуға сеп болады. 

🗓️22 шілдеде кез келген адам челленджге қосыла алады. Ол үшін қатысушылар күні бойы көліктен бас тартуы керек. Ұйымдастырушылар қоғамдық көлікпен, велосипедпен, скутермен немесе жаяу жүруге кеңес береді.

📸Қатысушылар #Автокөліксізкүн челлендж хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде көліксіз қозғалыстарының фотосуреттерін немесе бейнелерін бөлісуі және @birgemiz_taza_alem2022 ұйымдастырушылар парақшасын белгілеу қажет.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Last news
21.09.2026 2086 0
Күзгі игі істер аптасы басталуда!
Read more
17.09.2026 1795 0
Волонтерлік бойынша тренерлерге арналған оқыту курсы аяқталды!
Read more
10.09.2026 168 0
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена