Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Марафонының бірінші аптасында 500-ден астам игі іс жасалды

Марафонының бірінші аптасында 500-ден астам игі іс жасалды

15.07.2024 1443 0

Бүгінгі таңда Қазақстанда «Игі істер марафоны» өтіп жатыр. Бұл қоғам өмірін жақсартуға үлес қосып жүрген қазақстандықтарды біріктіріп, ізгілікке үндейтін дәстүрлі ұлттық жоба.

📌9-14 шілде аралығында «Игі істер марафоны» аясында «Экология» апталығы өтті. Осы кезеңде qazvolunteer.kz сайтының «Мейірімділік көрсеткіші» тетігінде 525 игі іс тіркелді, оның ішінде 200 іс-шараны волонтерлердің өңірлік фронт-офистері мен волонтерлік қоғамдастықтары бірлесіп өткізсе, 325 игі іс қазақстандық белсенді волонтерлердің бастамасымен жүзеге асты. Экоапталыққа барлығы 6 мыңға жуық адам қатысты.

Мәселен, елордада волонтерлер Президент саябағын қоқыстан тазартса, Қызылорда облысында су айдындарын тазарту бойынша «Таза су қоймалары» акциясы болды және Қостанай облысында экологиялық плогинг өтті.

Айта кетейік, Қазақстанда игі істер марафоны жалғасуда.

Марафонға қатысу үшін толық ақпарат пен нұсқаулықты «Qazvolunteer.kz» сайтынан және @kz_nvs, @qazvolunteer.kz әлеуметтік желілерінен алуға болады.

ℹ️ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Last news
07.09.2026 444 0
The Call for Entries for the International «Volunteer of the Year» Award Is Now Open
Read more
19.08.2026 2259 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Read more
17.08.2026 2695 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена